+7 (7172 ) 59 29 38

Новости

12.07.2017

«Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама


«Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама 

«Астана-финанс» АҚ 2017 жылдың 14 тамызында сағат 10.00 (Астана уақытымен) «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі мекенжайда өтетінін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12, кабинет 601.

Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Астана-финанс» АҚ басқармасы, Қазақстан Республикасы, Астана қ, қ. Бигелдинов к-сі 12.

Жылдық жалпы жиналысты шақыруды бастамашы - «Астана-финанс» АҚ Директорлар кеңесі.

«Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу осы жиналысты өткізу мекен жайында 2017 жылдың 14 тамызында сағат 9.00 бастап 10.00 дейін (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының отырысы бетпе-бет отырыс түрінде өтеді.

Кворум болмаған жағдайда «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысы 2017 жылдың 14 тамызында жағары айтылған мекенжай бойынша сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша) өтеді. «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 2017 жылдың 21 тамызында сағат 9.00 бастап 10.00 дейін (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылдың 27 маусым айының тәуліктің басталуында акцияларды ұстаушылар тізілімінің қалпы бойынша анықталады.

Күн тәртібі:

1)    «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2)    «Астана-финанс» АҚ 2016 жылдағы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;

3)    «Астана-финанс» АҚ 2016 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы;

4)    «Астана-финанс» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы;

5)    «Астана-финанс» АҚ-ға 2017 жылда аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;

6)    2016 жылы жасалған «Астана-финанс» АҚ мүдделілігі бар ірі мәмілелер және (немесе) мәмілелер туралы ақпарат;

7)    2016 жылы «Астана-финанс» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің арыздары жоқтығы туралы ақпарат;

8)    2016 жылы «Астана-финанс» АҚ Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелері сыйақыларының көлемі мен құрамы туралы ақпарат;

9)    «Астана - Финанс» АҚ жарғысына өгерістер мен толықтырулар бекіту туралы.

 «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі материалдармен 2017 жылдың 10 тамызынан бастап келесі мекенжайдан танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі 12, кабинет 416.

Қосымша анықтамалық ақпаратты +7 (7172) 59 29 43, 59 22 51 телефондары арқылы алуға болады.


Возврат к списку

Яндекс.Метрика
www.akorda.kz

официальный сайт Президента РК

www.primeminister.kz

Официальный сайт Премьер-Министра РК

www.sk.kz

АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына»

www.ifk.kz

АО «Инвестиционный фонд Казахстана»