Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Қайырымдылық және демеушiлiк

Қазiргi заманғы қаржы құрылымдарының қызметi ең алдымен пайда табуға бағытталған. Алайда жалпы адамгершiлiк құндылықтары, игiлiк пен әдiлдiк мұраттары ұмытылған жерде қалыпты бизнестiң табысты дамуы мүмкiн емес.

Бiз қайырымдылықтың Компания сенiмдiлiгi мен перспективалылығының жанама көрсеткiшi болғандығына кәмiл сенемiз. Бiз өзiмiз қызмет еткен жылдардың iшiнде осы саладағы жинақталған тәжiрибенi қорытындылай алғанымызды және бiзден материалдық қолдау алатын ұйымдар үшiн ғана емес "Астана-финанс" АҚ-ның барлық ұжымы үшiн де үлкен маңызы бар, парасатты қайырымдылық саясатты жүргiзе алғанымызды мақтаныш етемiз, өйткенi жалпы адамгершiлiк құндылықтарын тану және қолдау Компания корпоративтiк мәдениетiнiң ең маңызды бөлiгi болып табылады.

Бiз өзiмiзде болған барлық мүмкiндiктердi пайдаланып, сонымен бiрге бұрын таңдаған басымдықтарды сақтап және әлеуметтiк, моральдық және жеке бас аспектiлерiн ескерiп, көмекке мұқтаж болғандарға қол ұшын беруге әрқашан дайынбыз. Компания жас талантарға көмек көрсетудiң, мәдениеттi, өнердi, спортты дамытуға өз үлесiн қосудың мүмкiндiгiн дәл осы қайырылымдықтан табады.

updated 02.07.2009



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару