Алғашқы бет > Қызметтері > Несиелер > Лизинг
Компания туралы: «Астана-финанс» компания тобында лизингтік қызмет «Астана-финанс» лизингтік компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Компания 2005 жылы қараша айында құрылды. Компанияның құрылтайшысы және акциялар пакетінің 100% -ымен жалғыз акционері «Астана-Финанс» АҚ болып табылады.
Өз қызметінің кезеңі ішінде «Астана-финанс» лизингтік компаниясы» АҚ лизингтік мәмілелер көлемін 15 есе арттырып Қазақстанда ірі лихингтік операторлардың бірі бола білді. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректері бойынша Компания нарығының үлесі 01.07.2008 жылға бекітілген шарттар құны бойынша шамамен 30% құрады.
Компанияның өңірлік желісі мына қаларда белгіленген: · Астана қаласы, · Алматы қаласы, · Қарағанды қаласы, · Қостанай қаласы, · Орал қаласы, · Петропавл қаласы. 2008 жылы маусым айында Компания ресейлік лизинг нарығына шықты – Мәскеу қаласында Бас кеңсесімен және Уфа қаласында (Башқұртстан) өкілдікпен «АФ-Лизинг» ААҚ еншілес құрылымы тіркелді.
«Астана-финанс» лизингтік компаниясы» АҚ өз қызметін мына бағыттар бойынша жүзеге асырады: · Ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтар лизингі · Жүк және жол – құрылыс техникасы лизингі · Коммуналдық және арнайы техника лизингі · Ауа кемелері мен авиациялық жабдық лизингі · Жылжымалы құрам лизингі
Компания жыл сайын мәмілелер көлемін арттырып нық дамып келеді. Техника жеткізу бойынша Компанияда әлемдік жетекші өндірушілермен жұмыс істеу тәжірибесіне ие: John Deere (АҚШ), Claas (Германия), Morris (Канада), Case New Holland (Бельгия), Lemken (Германия), «Bourgault» (Канада), «Brandt» (Канада), ПО МТЗ «Минский тракторный завод» (Беларусь), ОАО «Ростсельмаш» (Ресей), «КАМАЗ» (Ресей), «МАЗ» (Беларусь), «НЕФАЗ» (Ресей), «Hyundai» (Оңтүстік Корея), «MAN»(Германия) «МТЗ» (Беларусь), «XCMG» (Қытай) , «Caterpillar» (АҚШ), «МКСМ» (Беларусь) және т.б. «Астана-Финанс» лизингтік компаниясы» АҚ ішкі және шетелдік қаржы нарықтарында қызметін оңтайлы түрде атқарып, жетекші экспорттық – сақтандыру агенттіктерімен ынтымақтастық етеді Қаржы ресурстарын тарту бойынша Компанияда бірқатар елдердің банктері мен қаржы институттарымен орныққан байланыс бар: Германия (Landesbank Berlin AG, LBBW, Deutsche Bank), Бельгия (KBC bank), Канада (EDC), АҚШ (Deere Credit Inc., Citibank), Франция (Calyon), Ұлыбритания (BlueCrest Mercantile), Швейцария (UBS), Польша (Bank BPH S.A.), Чех Республикасы (CSOB), Румыния (Banca Comerciala Romana SA) және Ресей (Внешэкономбанк), экспорттық-сақтандыру агенттіктері “Hermes”, “KUKE”, “OND”, “USExIm”. Компанияның қаржы есептеріне «үлкен төрттік» кіретін халықаралық аудиторлық компаниялар аудит жасайды.
Клиент үшін «Астана-Финанс» лизингтік компаниясы» АҚ басымдылықтары:
· Қаржыландырудың бәсекеге қабілетті шарттары · Жобаны қысқа мерзім ішінде қарастыру · Мәмілені толық ілестіру · Лизинг алушының қызметін бағалауда бейтарап болу · Лизингтік төлемдерді өтеу кестелерін құрастыру кезінде маусымдық факторды есепке алу · Жеткізушіден кепілдік және сервистік қызмет көрсету · Айыппұл салмай мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі · Кең баға ауқымында мәмілелер бекіту · Компания қызметкерлерінің клиенттерге кәсіби түрде қызмет көрсетуі
Егжей-тегжей ақпарат www.afl.kz сайтында таба аласыз. updated 10.12.2008 |