| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
Барлық түрдегі компаниялар валюталардың айырбастау бағамдарының, пайыздық мөлшерлемелердің ауысуы және контрагенттің келісімшарттық міндеттемелерді орындамауы салдарынан шығындар қаупіне түсуі мүмкін. Бағамдардың, мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруі, сондай-ақ несие қауіптерінің болуы әлемдік шаруашылықтың жаһандануы салдарынан кәсіпорын пайда табуына елеулі қауіп тудыруы мүмкін. Бүгінгі күні валюталық, пайыздық, несие қауіптерінің сақтандыруы (хеджирлеу) бойынша операциялар жоғарыда аталған проблемаларды шешу құралы ретінде бүкіл әлемде үлкен атаққа ие.
Хеджирлеу (ағылшын hedge — сақтандыру, кепілдік сөзінен) — мерзімді нарықтарда мәмілелер бекіту жолымен бағалар, мөлшерлемелер және т.б. өзгеру қаупінен сақтандыру.
«Астана-Финанс» АҚ валюталық, пайыздық және несие қауіптерін хеджирлеу бойынша қызметтер ұсынады. Біздер клиенттерге стратегияны әзірлеудің, хеджирлеу операцияларын даярлау және өткізудің барлық кезеңінде кеңес беруге даярмыз.
Неге «Астана-Финанс» АҚ?
2007 жылдан бастап «Астана-Финанс» АҚ оның көмегімен біздің клиенттерімізге нарықтық және несие қауіптерін сақтандыруға көмек көрсетуге дайын болатын туынды қаржы аспаптарымен операцияларды жүзеге асырады. Туынды өнімдерді басқару клиент қауіптерін хеджирлеу стратегиясын әзірлеп енгізумен айналысады.
Туынды қаржы аспаптары дегеніміз не?
Туынды қаржы аспабы – құны тауардың, мұнай, алтын немесе құнды қағаз бағасының құнынан, шамасымен әрекет ету мерзімінен, валюта бағамынан, пайыздық мөлшерлемелер, өзге де қаржы аспаптарына немесе базистік актив деп саналатын кез келген өзге айнымалыға тәуелді болатын аспап. Туынды қаржы аспаптарын немесе деривативтерді сатып алу / сату келісімшартта анықталған базистік активті жеткізу, беру немесе ауыстыру туралы тараптар арасында келісім бекіту жолымен жүзеге асырылады.
Барынша егжей-тегжей ақпаратты мына таныстырудан көріңіз (таныстыру ppt.пішінінде ұсынылады).
Пайыздық деривативтер – базалық актив ретінде пайыздық мөлшерлеме болатын деривативтер. Бұндай шарт ескертілген пайыздық мөлшерлемеде ақша сомасын алу (төлеу) құқығын (міндеттемесін) береді. Сонысымен пайыздық деривативтер пайыздық қауіпті хеджирлеп ақша ағынын бақылау мүмкіндігін береді. Барынша атақты пайыздық деривативті аспаптар пайыздық кэп/флор, пайыздық своп, форвардтық мөлшерлеме туралы келісім (FRA) болып табылады.
Валюталық деривативтер – базалық активі валюталық бағам болатын деривативтер. Олар келісілген валюта бағамы бойынша ақша сомасын алу (төлеу) құқығын (міндеттемесін) береді. Валюталық деривативтер толығымен келешек төлемдер мен түсімдердің ұлттық валютада қанша соманы құрайтындығына қатысты белгісіздікті жоққа шығармайды. Барынша атақты валюталық деривативтік аспаптар валюталық своп, валюталық форвард/опцион болып табылады.
Несиелік деривативтер. Деривативтер саласында салыстырмалы түрде жаңа бағыт. Несиелік деривативтік аспаптарды қолдану контрагент/клиенттің несиелік қаупін төмендетеді.
Несиелік қауіп – контрагенттің өзінің келісімшарттық міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындар мүмкіндігі. Қарызгер үшін өзінің міндеттемелерін орындамау салдарлары қарыздың негізгі сомасын және алынған өтем сомасын есептеп шығарғанда төленбеген пайыздар шығынымен өлшенеді. Барынша несиелік қауіптің нақты көрінуі міндеттемелер бойынша дефолт, төлей алмаушылық, бас тарту / мараторий, қарызды құрылымға бөлу болып табылады.
Несиелік деривативтер мынаған мүмкіндік береді:
· Несиелік қауіпті нарықтың өзге телімдеріне ауыстыру
· Қорландыру көзі болып табылады
· Портфельдік қауіпті әртараптандыру
· Капиталға реттеу талаптарын басқару және азайту
· Жеке контрагенттердің/клиенттердің несиелік лимиттерін азайту және босату
Барынша кең тараған аспап өзінің қорлануы салдарынан несиелік нота болып табылады. Біздің команда несиелік деривативтер бойынша барынша күрделі аспаптарды ұсынуға даяр.
«Астана-Финанс» АҚ ұсынатын негізгі деривативтік өнімдер
|
· Форвард |
Нақты уақыт өткен соң алдын ала ескертілген бағам бойынша валюта сатып алуға немесе сатуға міндеттейтін келісімшарт түрінде бекітіледі.
|
|
· Своп (валюталық, тауарлық, пайыздық) |
Міндеттеме бойынша қалқыма мөлшерлемелі бір валютада төлемдер ағынының белгіленген пайыздық мөлшерлемелі өзге валютада міндеттемелер бойынша төлемдер ағынына алмастыруды білдіретін келісімшарт түрінде бекітіледі
|
|
· Опцион |
Базалық активті нақты уақыт өткеннен кейін келісімшарт бекіту кезінде ескертілген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға құқық беретін келісімшарт түрінде бекітіледі.
|
|
· Пайыздық кэп |
Оған сәйкес нақты уақыт кезеңі ішінде пайыздық мәміле белгіленген деңгейден асып кете алмайтын келісімшарт түрінде бекітіледі (негізінен қалқыма мөлшерлемелі несие болған кезде пайдаланылады). Опцион иесінің өз құқығын іске асырғысы келетін жағдайда "кэп" сатушысы пайыздық мөлшерлеменің белгіленген жоғарғы деңгейінің артуын өтейді. "кэп" мәмілесі сатып алушыға мәміле бекіту күніне төленетін сыйақыға (бастапқы белгіленген төлем) алмастырып нақты кезеңде өзәне қайта қаржыландырудың жоғарғы мөлшерлемесіне кепілдік алуға мүмкіндік береді.
|
|
· Несиелік нота |
Несиелік қауіппен байланысты қандай да бір шартпен әдеттегі нота жиынтығы (пайыздық құнды қағаз). Несиелік нотаны ұстаушы үшін мәміле мақсаты - өзіне ескертілген базалық актив бойынша несие қаупін қабылдау есебінен барынша жоғары пайда табу.
|
|
· Туынды аспаптар жиынтығы |
|
Біздің мамандар әзірлеген хеджирлеу стратегияларын пайдалану біздің Клиенттерге мына жағдайларда көмектеседі:
Ынтымақтастыққа арналған негізгі шарттар
Негізгі талап етілетін ақпаратты негізгі аспаптар мен оларға қойылатын талаптар берілген осы жерден таба аласыз (Excel пішінінде 5 файл ұсынылады).
Біздің байланыс
«Астана-Финанс» АҚ
Туынды өнімдер басқармасы
Қауіптер мен құрылымдық операцияларды хеджирлеу бөлімі
Email: y_tumabekov@af.k, r_utepov@af.kz,
Тел: 58-08-91
Факс: 59-10-51
updated 10.12.2008