af.kz - Астана Финанс
kaz | rus | eng




Сілтемелер



Бас офисі:
010000, Астана қ., Бегельдинов көш., 12
орналасқан жері

Телефон:   +7 (7172) 59 19 19
Факс:   +7 (7172) 59 10 51

Алматы офисі:
050010, Алматы қ., Самал-3 шағынауданы, 25
орналасқан жері

Телефон:   +7 (727) 259-61-73, -75
Факс:   +7 (727) 259 61 77

Телефон:   8-800-0805-005 (тегін)
Эл.поштасы:   af@af.kz

Негізгі / Қызметтері / Активтерді басқару

Инвестициялық пай қорлары (ИПҚ)

Инвестициялық пай қоры (ИПҚ) - бұл ұжымдық инвестициялаудың түрі, мұнда салымшылар пай сатып алу арқылы капиталды ИПҚ-ға инвестициялайды.   Басқарушы компания ("Астана-Финанс" АҚ) өз кезегінде бұл активтерді олардың құнын өсіру және табыс алу мақсатымен, Заңнамада (2004 жылғы 07 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы» Заң) рұқсат берілген бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестициялайды.
Пай - бұл өз иесіне пай қорының мүлкіндегі үлеске құқығын растайтын, атаулы, құжатсыз бағалы қағаз.

Сіз пайға қатысты заңнамада тыйым салынбаған, кез келген мәмілелерді, яғни сатуды, сатып алуды, кепілге салуды, сыйлауды және т.б. жасай аласыз.
ИПҚ-дағы пайды жеке және заңды тұлғалар сатып алуы мүмкін.  Қор мүлкін сенімгерлік басқаруды басқарушы компания (БК) "АСТАНА ФИНАНС" жүзеге асырады.
Инвестордың (пайшының), ИПҚ-ның және басқарушы компанияның өзара әрекеттесулері Сенімгерлік Басқару Шарты негізінде жасалады. Осы шартқа сәйкес бір тарап қордың АКТИВТЕРІ ретінде басқа инвесторлардың ақшаларымен біріктіру және оларды кейіннен инвестициялау мақсатымен АҚШАНЫ басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына табыстайды.   
Клиенттің пай иесі болғанын тізілімнен үзінді көшірме растайды, мұнда сатып алынған пайлардың саны көрсетіледі.

Біз инвестициялардан шын мәнінде жоғары табыс алу үшін оларды кемінде бір жыл мерзімге инвестициялау керек деп есептейміз.

Қаражатты ИПҚ-ға салғанда инвестор пайлардың иесі болады, басқарушы компания активтердің қорын кәсіби басқарғанда және қаржы рыногы мен тұтас алғанда экономикада жағымды жағдай болғанда олардың бағасы өседі.   Инвестор өзінің бағасы өскен пайларын сатып, бастапқыда салынғаннан үлкен соманы алады.   Өз капиталын өсірудің осындай әдісі артылған ақша қаражатын депозитке салғаннан гөрі едәуір пайдалылау болуы мүмкін. Және де Сізге қор рыногының жағдайын қадағалаудың қажеті жоқ – Басқарушы компания "Астана-Финанс" АҚ арнаулы білімге ие болып, өзіне рыноктың мониторингі мен оны талдау және пай қорларының активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау міндеттерін өзіне жүктейді.     

Салық салу артықшылықтары
ИПҚ заңды тұлға болып табылмайды және пайдаға салынатын салықты төлемейді. ИПҚ-ның инвестициялық табыстары мен пай құнының өсімі Басқарушы компания кері қайтарып сатып алғанда төлем көзінен салық салуға жатпайды.

Бақылау
Пайшылардың ақшасын пайдалануды және Басқарушы компанияның жүзеге асыратын операцияларын бақылауды мемлекет атынан ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚБА) және ИПҚ-нің активтерін есепке алуды жүргізіп, Басқарушы компанияның қор активтерімен жүргізген операцияларының дұрыстығын бақылайтын тәуелсіз банк-кастодиан жүргізеді.
Жыл сайын Басқарушы компанияның есеп жүргізу мен есеп берудің дұрыстығын анықтауды ең ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін аудитор-"Deloitte & Touche" компаниясы жүзеге асырады. 
Сонымен бірге пайшылардың тізілімі мен олардың мүліктік құқықтарын есепке алуды тәуелсіз тіркеуші «Қор орталығы» АҚ жүргізеді. 

ИПҚ-ның қандайлары бар?
Бұлардың үш үлгісі бар – ашық, интервалдық және жабық. Айырмашылығы – пайларды кері қайтарып сатып алу мүмкіндігі мен шарттарында және инвестициялаудың ықтимал объектілерінде.

·         Ашық
Мұндайда пай ұстаушылардың ие болған пайларын Қор Ережелерінде белгіленген мерзімдерде, бірақ кемінде 2 аптада 1 рет кері қайтарып сатып алынуын талап етуге құқығы бар.

·         Интервалдық
Бұл жағдайда пай ұстаушылардың Қор Ережелерінде белгіленген мерзімдерде, бірақ алдын-ала белгіленген уақыт аралығында кемінде жылына 1 рет қайтарып сатып алуды талап етуге құқығы бар.

·         Жабық
Осындай пайды ұстаушыға осы қордың пайларын ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға және қор ережелерінде ескерілген шарттар мен тәртіпте пай бойынша дивидендтерді алуға құқық беріледі.  Бұл жағдайда пайларды кері қайтарып сатып алу ескерілмеген. Қор ережелерін өзгертуге және толықтыруға, ИПҚ-лар қызметінің негізгі шарттары мен тәртібін анықтауға құқығы бар Пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысының жабық қордың бас органы болып табылатындығы жабық қордың артықшылығы болып табылады.  Сол сияқты Жабық ИПҚ-ның пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қорды ашық немесе интервалдық түріне өзгерту туралы шешім қабылдай алады, бірақ ашық немесе интервалдық түріндегі ИПҚ-ның жабық инвестициялық қор болып өзгертілуіне жол берілмейді.   

Сіз білгіңіз келген барлық мәселелер бойынша толығырақ ақпаратты мына:

телефондар:

·         Астана қ. +7(7172) 59-10-74, Портфельдік инвестициялар басқармасы

·         Алматы қ. +7(727) 244-60-45,  

·         Өңірлер 8 800 080 5005, тәулік бойы, ақысыз

мекен-жайлар

·          Астанада - Бигелдинов к-сі, 12, 305 каб. Портфельдік инвестициялар басқармасы

·          Алматыда – Самал-3, 25 үй (әл-Фараби к-сі Меңдіқұлов көш. қиыл.), 1 қабат. 244-60-45

электрондық пошта: е-mail: r_aksenov@af.kz арқылы ала аласыз.



© 1998—2008 Астана Финанс

негізгі · сайт мазмұны | құпиялық  ·  қолдану шарты  ·  кері байланыс