Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2010 > 06 > 01 > «Астана-Финанс» "Yмiт-Надежда" балалар қорына қайырымдылық қолдауын көрсетті

«Астана-Финанс» "Yмiт-Надежда" балалар қорына қайырымдылық қолдауын көрсетті

01.06.2010 «Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі,

2010 маусым
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30

Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.

Басқарма төрағасы Ерлан Шәкібаев Компанияның ауыр қаржылық жағдайын ескеріп, Басқарма мүшелеріне сұратылған 200 мың теңгенің орнына өздерінің еңбекақыларынан 250 мың теңге ақшалай көмекті жіберулерін ұсынды. Осы сома 31 мамырда «Yмiт-Надежда» қорының шотына аударылды. Енді 1 маусымда Қор психоневрологиялық медициналық мекеменің 200-ден астам баласына балалар мерекесін өткізе алады.

Балаларға музыка және би конкурстары, сондай-ақ сурет пен қолөнер бұйымдарының жарыстары ұйымдастырылады. Оларға сыйлықтар мен жұмсақ ойыншықтар табыс етіліп, концерттік бағдарлама әзірленеді және мерекелік дастархан жайылады.

Осы күні игі дастүрді үзбей Астана қаласы Балалар үйінің бұрыңғы 25 түлегіне ай сайынғы қайырымдылық стипендия төленді. Жастар астананың түрлі жоғарғы оқу орындарында (ЕҰУ, АМУ, ҚазАТУ, ҚазҰМА) оқиды. Компания Басқармасы оларға стипендияларын 2009 жылдың қарашасында оқуларының толық мерзіміне тағайындады.

Осылайша «Астана-финанс» АҚ-ның жаңа басшылығы өзінің жеке дара үлгі-өнегесімен Компанияны терең дағдарыстан шығару жөніндегі негізгі мәселені шешумен бірге жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдау өмірдің маңызды бөлігі болып табылатынын көрсетті. Ерлан Шәкібаев былай түсіндірді: «Біз қолымыздағы барлық мүмкіндікті пайдаланып, мұқтаж болғандарға әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз».


updated 02.06.2010



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару