Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2010 > 03 > 26 > «Астана Финанс» АҚ кадрлар ауысуы туралы «Астана Финанс» АҚ кадрлар ауысуы туралы26.03.2010 Баспасөз қызметi,
«Астана Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 25.03 шешіміне сәйкес басқарма төрағасы Ибатуллина Э.П. өзінің лауазымдық міндеттемелерін тоқтату туралы берген хабарламасы негізінде 2010 жылғы 19.03-дан бастап Қоғамның басқарма құрамынан шығарылды. Сонымен бірге Ибатуллина Э.П. өз қалауы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Ибатуллина Э.П. 2009 жылғы наурыз айынан бастап басқарма төрағасының қызметін атқарды. Осыған дейін 2005 жылғы наурыздан бастап Қоғамның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылғы 18.03 бұйрыққа сәйкес Қоғамның басқарма төрағасының міндеттерін Н.М. Байтенов атқарады. Бұдан басқа Қоғамның бас бухгалтері Р.И. Седова өз қалауы бойынша жұмыстан шығуына байланысты 2010 жылғы 19.03.-дан бастап жұмыстан босатылды. Қазіргі уақытта бас бухгалтер міндетін бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарған Г.А. Исмаилова орындайды. 2010 жылғы 26.03. бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Т.Е. Мужчиль (2005 жылдан бастап) өз қалауы бойынша өз уәкілетін тоқтатуы туралы берген хабарламасы негізінде оның құрамынан шықты. Байтенов Н.М. 2009 жылғы 28.12. бастап «Астана Финанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1993 жылдан 2002 жыл аралығында Украина, АҚШ және Орталық Азияда Arthur & Andersen компаниясының серіктесі және аудит бойынша директоры болып қызмет атқарды. 2002 жылғы наурыздан бастап Deloitte & Touche компаниясының аудит бойынша серіктесі болып табылды, онда оның міндеттеріне Қазақстан мен Орта Азияның ірі компаниялары мен қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету кірді. Қазақстанның аудиторлар алқасының мүшесі болып табылады, аудиторлық қызмет пен банктік аудит жүргізуге мемлекеттік лицензиясы бар. updated 26.03.2010 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||