Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2010 > 03 > 25 > ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ

ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ

25.03.2010 Баспасөз қызметі,

2010 наурыз
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31

«Астана Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі «ҚазТАГ» агенттігінің жаңалықтар таспасында 2010 жылдың 25 наурызында сағат 10:35-те шыққан ақпаратты теріске шығарады, онда «Астана Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы К. Исламов «қызмет орнын өз еркімен босатты» делінген болатын.

Баспасөз қызметі түсінік береді: Кинталь Исламов «Астана Финанс» банкі» АҚ және «Астана Финанс» брокерлік компаниясы» АҚ деген екі еншілес компанияның Директорлар кеңесінің құрамынан шығуы туралы хабарлама берді. Ол тиісті хабарламаны осы компаниялардың Директорлар кеңестерінің атына бүгін таңертең берді. Жақын арада оның «Астана Финанс» лизинг компаниясы» АҚ және «Астана Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ деген тағы екі еншілес компанияның ДК-нің құрамынан шығуы жоспарланып отыр. Бірақ, осы компаниялардың Директорлар кеңестері тиісті хабарламаны әлі алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 55- бабының 4- тармағына сәйкес, директорлар кеңесі мүшесінің өз басатамасы бойынша оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесіне жазбаша хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Директорлар кеңесінің осындай мүшесінің өкілеттіктері директорлар кеңесі аталған хабарламаны алған сәттен бастап тоқтатылады.

Дәл қазір К. Исламов «Астана Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып отыр және «ҚазТАГ» агенттігінің ақпаратында айтылған қызмет орнын босатуы туралы өтінішті берген жоқ.

Және де түсінік береміз, 2010 жылғы 04 наурыздағы жай-күй бойынша дауыс беруші бағалы қағаздардың кемінде 5,00 пайызына ие болған бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы ақпаратқа сәйкес «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 18,81 пайызына ие болып отыр, олардың 14,74 пайызы «Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ-нің иелігінде және сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес оларды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарады. (Тіркеуші «Қор орталығы» АҚ-ның деректері бойынша).

Осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.


updated 26.03.2010



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару