Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2010 > 02 > 03 > «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ха... «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама03.02.2010 Баспасөз қызметі,
Акционерлік қоғамның толық атауы: «Астана-финанс» акционерлік қоғамы. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы – «Астана-финанс» АҚ-ның Директорлар кеңесі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі акцияларды ұстаушылар тізілімінің 2010 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі бойынша жасалады. Күн тәртібі: 1. Директорлар кеңесінің мүшелері Т. Мужчильдің, Н. Кәрібаеваның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; 2. Директорлар кеңесінің сандық құрамын ұлғайту; 3. Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау; 4. Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау; 5. Директорлар кеңесі мүшелері сыйақыларының мөлшері мен шарттарын анықтау; Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2010 жылғы 5 наурызда сағат 10.00-де аталған мекен-жайда өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің материалдармен 2010 жылғы 20 ақпаннан 2010 жылғы 3 наурызға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12, 315 кабинет мекен-жайында Корпорация хатшысынан анықтауға болады. Анықтамалық ақпаратты +7 (7172) 592943 телефоны арқылы алуға болады. updated 03.02.2010 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||