| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Астана-Финанс» АҚ бірінші облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі екінші шығарылымның облигациялары (НИН KZPC2Y07B505 сауда коды ASFIb6) бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесін 2009 жылғы 22 желтоқсаннан 2010 жылғы 22 маусымға дейінгі жаңа купондық кезеңге жылдық 8,00 пайыз мөлшерінде белгілегені туралы хабарлайды.
«Астана-Финанс» АҚ екінші облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі бірінші шығарылымның облигациялары (НИН KZPC1Y10B634 сауда коды ASFIb7) бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесін 2009 жылғы 30 желтоқсаннан 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жаңа купондық кезеңге жылдық 8,00 пайыз мөлшерінде белгілегені туралы хабарлайды. Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз: Астана қ., Сарыарқа ауд., Бигелдинов к-сі, 12, тел +7 7172 59-29-30
«Астана-Финанс» АҚ төртінші шығарылымның облигацияларын ұстаушыларға облигацияларының төртінші шығарылымы (НИН KZ2CKY07B162 сауда коды ASFIb4) бойынша купондық мөлшерлеменің 2009 жылғы 18 қарашадан 2010 жылғы 18 мамырға дейінгі жаңа кезеңге жылдық 8,7 пайыз мөлшерінде белгіленгені туралы хабарлайды.
«Астана-Финанс» акционерлік қоғамы (Астана қ., Бигельдинов к-сі,12.) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 қазандағы № 224 қаулысымен 2009 жылғы 28 қазаннан бастап, төменде тізімделген бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлайды
«Астана финанс» АҚ (өз атынан және еншілес компаниясы «Astana Finance BV» атынан) ұсынылып отырған қайта құрылымдалуда кредиторларға ұсынылған нұсқауларды белгілеп, жұма күні 2009 жылғы 16 қазанда өзінің Кредиторлар комитетімен уағдаластығы туралы меморандум жасасты.
«Астана финанс» АҚ (өзінің және Astana Finance BV атынан) ұсынылған қаржылық берешекті қайта құрылымдауға (Қайта құрылымдау) байланысты кредиторларға ұсынылған индикативтік шарттарды анықтайтын, кредиторлар комитетімен (Кредиторлар Комитеті) өзара түсінісу туралы Меморандумға қол қойғаны туралы жариялайды.
«Астана-финанс» АҚ келіп түскен сұрақтарға байланысты 2009 жылғы 17 маусымда www.af.kz сайтында орналастырылған «Кредиторларға арналған презентацияның» (бұдан әрі – «Презентация») 15- слайдында облигациялардың 22- шығарылымның аталған нөмірі алтыншы облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі облигациялардың бірінші шығарылымына (НИН KZP01Y15D013 торговый код ASFIb16) сәйкес келеді және осы жағдайда «Астана-финанс» АҚ-ның бухгалтерлік есебінде көрсетілген облигация эмиссиясының реттік нөмірін білдіреді.
«Астана-финанс» АҚ (бұдан әрі – Компания) Компания шығарған және Қазақстан қор биржасында айналыста болған облигацияларды ұстаушыларды Компанияның мәртебесін талқылау мақсатымен Компанияның басшылығымен кездесуге қатысуға шақырады.
«Астана-финанс» АҚ қаржылық қайта құрылымдаудың жағдайын талқылау мақсатымен барлық мүдделі тұлғаларды Компания басшылығымен кездесуге (телефон конференциясына) қатысуға шақырады. Кездесу (телефон конференциясы) 2009 жылғы 16 шілдеде, Лондон уақыты бойынша сағат 15:00-де болады.
«Астана-финанс» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімі негізінде лицензияларды ерікті түрде қайтару туралы хабарлайды
«Астана-Финанс» АҚ-ның қаржылық жай-күйінің жақын арада болған нашарлауына, осыған қоса рейтингілердің бірнеше рет төмендеуі жағдайды үдетуіне байланысты, Астана-Финанс және Астана-Финанс Б.В. бүгін 2009 жылғы 15 мамырдан бастап, өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша, сондай-ақ Астана-Финанстың кейбір жергілікті міндеттемелері бойынша негізгі борышқа байланысты төлемдерді кідірту туралы өзінің шешімін жариялайды. Осы төлем кідірісі рейтингілер төмендеуінің нәтижесінде жақында төлеуге жатқызылған кейбір міндеттемелерді де қамтиды.
«Астана-Финанс» АҚ төртінші шығарылымның облигацияларын ұстаушыларға облигацияларының төртінші шығарылымы (НИН KZ2CKY07B162) бойынша купондық мөлшерлеменің 2009 жылғы 18 мамырдан 2009 жылғы 18 қарашаға дейінгі жаңа кезеңге жылдық 11,2 пайыз мөлшерінде белгіленгені туралы хабарлайды. Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз: Астана қ., Сарыарқа ауд., Бигелдинов к-сі, 12; тел. 59-29-30.
«Астана-финанс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) өзінің акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі «Астана-финанс» АҚ-ның жай акцияларын Қоғамның бұрын кері қайтарып сатып алынған акцияларының шегінде бағалы қағаздар рыногында жазылу арқылы өткізу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. (Қоғамның Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «17» сәуірдегі шешімі).
«ҰларҮміт» акционерлік қорының құрамына кірген жағдайда, «Астана-Финанс» қордың жарғылық капиталына қосымша қаржылық салымдар жасау арқылы оның қаржылық жай-күйн нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, бұл оған ҚР рыногында өзінің лидерлік жайғасымдарын сақтауға және алда болғандардың үштігінде қалуға көмектеседі.
«ҰларҮміт» АҚ-ның ірі акционерлері – «Терминал» ЖШС мен «Внешинвест» компаниясы» ЖШС, және «Жетісу» ЗАИБЖҰ» АҚ-ның жалғыз акционері – «MMA Holding» ЖШС «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк)баспасөз-релизінінде жазылған ақпараттың шындыққа жатпайтыны туралы мәлімдейді. ««ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-ның және оны басқарушы компанияның - «Жетісу» ЗАИБЖҰ» АҚ (Компания) акцияларының бақылау пакетіне ие болмағандықтан, банктің Қор мен Компанияның қабылдаған шешімдеріне ықпал етуіне мүмкіндігі болған жоқ» - деген ақапарат жалған болып табылады.
Еурооблигациялар рыногындағы өз дамуы барысында, 2009 жылғы 16 ақпанда «Астана Финанс» АҚ 3 жылдық мерзімге арналған және 7,625% купоны бар, жалпы сомасы 125 миллион АҚШ долларын құрайтын дебюттік еуробондтар бойынша өз міндеттемелерін ойдағыдай өтеді. Осы мәміленің ұйымдастырушылары болып JP Morgan Securities LTD және «TuranAlem Securities» АҚ әрекет етті.
«Астана-финанс» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2009 жылғы 2 наурыздада 15 сағат 00 минутте (Астана уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12 мекен-жайында өткізілетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
«Exclusive» іскерлік басылымы Қазақстанда жұмыс істейтін ең үздік 50 компанияның бедел рейтингін жариялады. Бұл жоба зерттеу тобы тарапынан 5 жыл бойы жүргізіліп келеді және орта және жоғары буын менеджерлерінен тұратын фокус-групты анкеталау мен одан пікір сұрауды қамтиды. Тізімде бірінші орынды «Қазақтелеком» АҚ, екішіні БТА Банкі, үшіншіні «Қазкоммерцбанк» иеленіп отыр. «Астана Финанс»-ке келетін болсақ, мұнда елеулі жақсару байқалады. Мысалы, 2006 жылдың қорытындылары бойынша Компания тізімнің ең соңында болса, 2007 жылдың ішінде ол өз жайғасымын 34- орынға дейін көтере білді.
updated 23.12.2009