| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Астана-Финанс» АҚ-ның қаржылық жай-күйінің жақын арада болған нашарлауына, осыған қоса рейтингілердің бірнеше рет төмендеуі жағдайды үдетуіне байланысты, Астана-Финанс және Астана-Финанс Б.В. бүгін 2009 жылғы 15 мамырдан бастап, өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша, сондай-ақ Астана-Финанстың кейбір жергілікті міндеттемелері бойынша негізгі борышқа байланысты төлемдерді кідірту туралы өзінің шешімін жариялайды. Осы төлем кідірісі рейтингілер төмендеуінің нәтижесінде жақында төлеуге жатқызылған кейбір міндеттемелерді де қамтиды.
«Астана-Финанс» АҚ төртінші шығарылымның облигацияларын ұстаушыларға облигацияларының төртінші шығарылымы (НИН KZ2CKY07B162) бойынша купондық мөлшерлеменің 2009 жылғы 18 мамырдан 2009 жылғы 18 қарашаға дейінгі жаңа кезеңге жылдық 11,2 пайыз мөлшерінде белгіленгені туралы хабарлайды. Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз: Астана қ., Сарыарқа ауд., Бигелдинов к-сі, 12; тел. 59-29-30.
updated 19.05.2009