Жаңалықтар
ПРЕСС РЕЛИЗ
19.05.2009
Баспасөз орталығы
|
| 2009 |
мамыр |
| Дс |
Сс |
Ср |
Бс |
Жм |
Сн |
Жк |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
| 4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
| 11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
| 18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
| 25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
|
|
«Астана-Финанс» АҚ-ның (бұдан әрі - Астана-Финанс немесе Компания) қаржылық жай-күйінің жақын арада болған нашарлауына, осыған қоса рейтингілердің бірнеше рет төмендеуі жағдайды үдетуіне байланысты, Астана-Финанс және Астана-Финанс Б.В. бүгін 2009 жылғы 15 мамырдан бастап, өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша, сондай-ақ Астана-Финанстың кейбір жергілікті міндеттемелері бойынша негізгі борышқа байланысты төлемдерді кідірту туралы өзінің шешімін жариялайды. Осы төлем кідірісі рейтингілер төмендеуінің нәтижесінде жақында төлеуге жатқызылған кейбір міндеттемелерді де қамтиды.
Компанияның қаржылық жай-күйінің нашарлауы Қазақстан экономикасына жаһандық дағдарыстың ықпал етуінің нәтижесінде болды. Теңгенің девальвациясын, жылжымайтын мүлік бағасының түсуін, өтімділіктің жеткіліксіз болуын және Қазақстандағы корпорациялар мен қаржы институттарының қаржылық жайғасымдарының одан әрі нашарлауын қоса, әртүрлі зардаптар Компанияның несие портфелінің ішінара нашарлауына апарып, шетел валютасының айрбастау бағамына және деривативтік мәмілелерге байланысты залалдарды келтірді. Төлемдерді кідірту барлық кредиторлардың тең құқықтарын қамтамасыз етеді, Компанияға жағдайды бағалауға және инвесторларға қатысты әділ болып, Компанияның ұзақ қаржылық сауығуын қамтамасыз ететін қайта құрылымдау жоспарын ұсынуға уақыт береді. Қайта құрылымдау жөніндегі кез келген ұсыныстар халықаралық және ішкі міндеттемелерді бірдей қамтитын болады деп күтіледі.
Астана-Финанс өзінің операциялық қызметін бұрынғыдай жалғастыруға және осы мақсатқа қажетті анықталған міндеттемелерді орындауға ниеттенеді.
Жақындағы нашарлдаудың салдарын бұдан да нақты бағалау үшін Компания аудиторлардан 2009 жылдың алғашқы үш айлық кезеңі үшін қаржылық аудит бойынша есеп дайындауды сұрап алдырады. Толық 2008 жыл үшін аудиттелген шоғырландырылған есеп берудің нәтижелері жақын арада жарияланатын болады.
Компания қаржылық және заңды аудит осы пресс релиздің күнінен бастап, он екі аптаға созылады деп күтеді. Аудиттің нәтижелері уәкілетті органға, кредиторларға және инвесторларға ұсынылатын қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстардың негізін қалыптастырады. Қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге көмек көрсету үшін Астана-Финанс қайта құрылымдау жөніндегі кеңесші ретінде J.P. Morgan Securities Ltd., халықаралық заң кеңесшісі ретінде Clifford Chance LLP және қазақстандық заң кеңесшісі ретінде First Legal компанияларын қатыстырды.
Уәкілетті орган ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Астана-Финанстың жағдайы туралы толық хабары бар және Компанияға қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну үшін ақылға қонымды уақыт кезеңі беріледі деп күтіледі.
Осыған қоса, Астана-Финанс Компанияға қаржылық көмек көрсетудің мүмкіндігін бағалау және Компанияның қаржылық жағдайын нығайту үшін бұдан кейінгі шараларды бағыттау жөнінде «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен диалогын жалғастырып келеді.
Толығырақ ақпаратты алғысы келгендер мына координаттар бойынша хабарласа алады:
Дауржан Ауғамбай мырза,
тел: +7 7172 591082,
Email: d_augambay@af.kz,
Жанара Исхакова ханым,
тел: +7 727 311 06 42 (ішкі 108),
Email: zh_iskhakova@firstlegal.kz.
Құрметпен,
Астана-Финанс және Астана-Финанс Б.В.
01.06.2010
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
«Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі,
07.05.2010
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
Баспасөз қызметi,
07.05.2010
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
Баспасөз қызметi,
06.05.2010
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
Баспасөз қызметi,
13.04.2010
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
Баспасөз қызметі,