Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2009 > 03 > 11 > «ҰларҮміт» АҚ-ның ірі акционерлері – «Терминал» ЖШС мен «Внешинвест» компаниясы»...
«ҰларҮміт» АҚ-ның ірі акционерлері – «Терминал» ЖШС мен «Внешинвест» компаниясы» ЖШС, және «Жетісу» ЗАИБЖҰ» АҚ-ның жалғыз акционері – «MMA Holding» ЖШС «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның осы жылдың 10өшы наурызында Қазақстандық қор биржасының сайтында жарияланған ақпараттың шындыққа жатпайтыны туралы мәлімдейді
11.03.2009
Баспасөз орталығы
|
| 2009 |
наурыз |
| Дс |
Сс |
Ср |
Бс |
Жм |
Сн |
Жк |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
| 2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
| 9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
| 16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
| 23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
| 30 |
31 |
|
|
|
|
|
|
|
10 наурызда Қазақстан қор биржасының сайтында «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнтақы қоры» АҚ мен «Жетісу» зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» АҚ акционерлерінің құрамынан шығуы туралы мына мазмұндағы ақпараты жарияланған болатын:
«ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ (Қор) Қазақстан Республикасының ең ірі зейнетақы қорларының бірі болып табылады. Оның акционерлерінің бірі ретінде «Қазкоммерцбанк» салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатымен ақылға қонымды инвестициялық саясатты жүргізуге талпынды. Осылай, 2008 жылдың ішінде банк «ҰларҮміт» зейнетақы қорын дамытуға елеулі көлемдегі инвестициялар жіберді, капиталдандыру және оның қызметін оңтайландыру бойынша қосымша шаралар қолданды. Бірақ, Қордың және оны басқарушы компанияның - «Жетісу» ЗАИБЖҰ» АҚ (Компания) акцияларының бақылау пакетіне ие болмағандықтан, банктің Қор мен Компанияның қабылдаған шешімдеріне ықпал етуіне мүмкіндігі болған жоқ. 2008 жылдың қорытындылары бойынша Қордың таза залалы 4,80 млрд. теңгені, Компанияның таза залалы 2,68 млрд. теңгені құрады. Қор мен Компанияның инвестициялық саясаты үшін жауапкершілікке қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, «Қазкоммерцбанк» осы ұйымдардағы өзі ие болған акциялар пакеттерін сату туралы шешім қабылдады.
«ҰларҮміт» АҚ-ның ірі акционерлері – «Терминал» ЖШС мен «Внешинвест» компаниясы» ЖШС, және «Жетісу» ЗАИБЖҰ» АҚ-ның жалғыз акционері – «MMA Holding» ЖШС «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк) баспасөз-релизінінде жазылған ақпараттың шындыққа жатпайтыны туралы мәлімдейді. ««ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-ның (бұдан әрі – Қордың) және оны басқарушы компанияның - «Жетісу» ЗАИБЖҰ» АҚ (Компания) акцияларының бақылау пакетіне ие болмағандықтан, банктің Қор мен Компанияның қабылдаған шешімдеріне ықпал етуіне мүмкіндігі болған жоқ» - деген ақапарат жалған болып табылады. Төменде жазылған осының дәлелі болады.
«Акционерлік қоғамдар туралы заңның» 1-бабының 17- тармақшасына сәйкес, миноритарлық акционер – акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының кемінде 10 пайызына ие болған акционер. Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 23- тармақшасына сәйкес, ірі акционер – акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына (жиынтыңғында) ие болған акционер немесе араларында жасалған келісім негізінде қызмет еткен бірнеше акционер. Баспасөз-релизінде жазылғанға сәйкес, Банк Қор акцияларының 49,35 пайызын және Компания акцияларының 50 пайызын Қордың бақылаушы акционерлері мен Компания акционерлерінің пайдасына өткізді. Осыған байланысты, Банк Қор акцияларының 49,35 пайызына және Компания акцияларының 50 пайызына ие болған акционер ретінде миноритарлық акционер болып табылмай, Қор мен Компанияның ірі акционері болып танылады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) келісімінсіз, корпорациялық зейнетақы қорын қоспағанда, зейнетақы қоры акцияларының 25 пайызынан көбін иеленуге, пайдалануға немесе билеуге бірде-бір тұлғаның құқығы жоқ. Алайда, Банк Уәкілетті органның келісімімен Қор акцияларының 49,35 пайызын иеленді, пайдаланды және биледі. Банк ие болған Қордың акцияларын шеттеткенге дейін «Терминал» ЖШС мен «Внешинвест» компаниясы» ЖШС-нің иелігінде және пайдалануында Қор акцияларының жеке-жеке 23 пайызы болды.
Қордың 4,6 пайыз акциясы «Астана-Финанс» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында. Осыған байланысты Банк ие болған Қор акцияларының пакеті басқа ірі акционерлердің – «Терминал» ЖШС мен «Внешинвест» компаниясы» ЖШС-нің акциялар пакетінен екі есе артқан және Қор акционерлерінің жалпы жиналысында Банкіге ең көп дауыс санына ие болу құқығын берген болатын.
Қор мен Компанияның құрылтай құжаттарына сәйкес, директорлар кеңесі басқару органы болып табылады. Банктің мүдделерін Қор мен Компанияның 6 мүшеден тұратын директорлар кеңесінің әрбірінде екі-екіден директорлар кеңесінің мүшелері ұсынды. Және де Қор мен Компанияның құрылтай құжаттарына сәйкес, Директорлар кеңесінің шешімдері осыған директорлар кеңесінің кемінде бес мүшесі дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептелетін. Осыған байланысты, Қор мен Компанияның Директорлар кеңесі шешімдерді Банк өкілдерімен бірлесіп қабылдады. Осыған қоса, Банктің өкілі 2008 жылдың аяғына дейін Компанияның бірінші басшысы болды.
Алайда, Қордың ірі акционерлері «Терминал» ЖШС, «Внешинвест» компаниясы» ЖШС, Компанияның жалғыз акционері «MMA Holding» ЖШС, сенімгерлік басқарушы «Астана-Финанс» АҚ және Қор мен Компанияның директорлар кеңесіндегі олардың өкілдері Қор мен Компанияның қаржылық жай-күйін тұрақтандырып, Қор салымшыларының мүдделерін қорғау үшін өз тарапынан барлық шараларды қолданды және қолданып келеді. Осы орайда Банк және Директорлар кеңесіндегі оның өкілдері Қор мен Компанияның қаржылық жай-күйін тұрақтандыруға бағытталған шешімдерге кедергі жасады.
Қор мен Компанияның қаржылық жай-күйін тұрақтандыру шеңберінде «MMA Holding» ЖШС компаниясы қосымша қапиталдандыру арқылы «Жетісу» компаниясына қаражат ұсынды, кейіннен ол салымшылардың зейнетақылық активтерінің жағымсыз мәнінің орнын толтыру үшін зейнетақы қорына жіберілді. «MMA Holding» ЖШС 7,5 млрд. теңге мөлшеріндегі капиталдандыруды жүзеге асырған жалғыз акционер болып табылды.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес, Банктің қазақстан қор биржасының сайтында берілген баспасөз-релизі «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Қор мен Компанияның қабылдаған шешімдеріне ықпал жасауға мүмкіндігі болмағаны туралы, шындыққа жатпайтын ақпаратты қамтиды. Осы шындыққа жатпайтын ақпарат Қор мен Компанияны басқару жөнінде теріс және қате тұжырымға апаруы мүмкін. Осыған байланысты, Қор мен Компанияны басқару жөніндегі ақпаратты Қордың салымшыларына және Қормен ынтымақтастық құруды ниет еткен тұлғаларға жеткізу осы хабарламаның мақсаты болып табылады.
Толығырақ ақпарат пен жоғарыда жазылған деректерді растайтын құжаттарды Қор мен Компания мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша ұсына алады.
01.06.2010
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
«Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі,
07.05.2010
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
Баспасөз қызметi,
07.05.2010
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
Баспасөз қызметi,
06.05.2010
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
Баспасөз қызметi,
13.04.2010
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
Баспасөз қызметі,
updated 13.03.2009