Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2009 > 02 > 17 > «Астана Финанс» АҚ 3 жылдық мерзімге арналған және 7,625% купоны бар, жалпы сома...

«Астана Финанс» АҚ 3 жылдық мерзімге арналған және 7,625% купоны бар, жалпы сомасы 125 миллион АҚШ долларын құрайтын дебюттік еуробондтар бойынша өз міндеттемелерін ойдағыдай өтеді

17.02.2009 Баспасөз қызметі,

2009 ақпан
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28
Еурооблигациялар рыногындағы өз дамуы барысында, 2009 жылғы 16 ақпанда «Астана Финанс» АҚ 3 жылдық мерзімге арналған және 7,625% купоны бар, жалпы сомасы 125 миллион АҚШ долларын құрайтын дебюттік еуробондтар бойынша өз міндеттемелерін ойдағыдай өтеді. Осы мәміленің ұйымдастырушылары болып JP Morgan Securities LTD және «TuranAlem Securities» АҚ әрекет етті. Осыдан сәл бұрын Компания Nomura Securities Intl ұйымдастырған жеке орналастырудың бірінші траншын өтеу есебіне 15 млн. долларды төлеген болатын. Осылайша, «Астана Финанс» 2009 жылға арналған өтеу кестесіне сәйкес өзінің сыртқы міндеттемелерінің 70 пайызын өтеді. «Астана Финанс» ірі инвестиция-қаржы холдингі болып табылады. Қазақстандық қор рыногындағы ойдағыдай қызметінің 11 жылы ішінде ол облигациялардың 10-нан астам эмиссиясын және акциялардың 5 эмиссиясын жүзеге асырды. «Астана Финанс» қор рыноғына бірқатар өндіріс компанияларының шығуына көмектесті, бұл Компанияға рынокта берілген сенімнің бар болғанын, оның адалдығын және акциялардың бағалануына қолдау жасау қабілетін көрсетеді. Қазіргі күнде Компанияға BB (Fitch), Ba1 (Moody`s) деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингілер берілді.

updated 17.02.2009



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару