Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2009 > 01 > 10 > «Астана-финанс» беделі ең жоғары болған 50 қазақстандық компанияның санына кірді
«Астана-финанс» беделі ең жоғары болған 50 қазақстандық компанияның санына кірді
10.01.2009
Баспасөз орталығы,
Exclusive бысылымының мәліметі бойынша
|
| 2009 |
қаңтар |
| Дс |
Сс |
Ср |
Бс |
Жм |
Сн |
Жк |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
| 5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
| 12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
| 19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
| 26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
|
|
|
«Exclusive» іскерлік басылымы Қазақстанда жұмыс істейтін ең үздік 50 компанияның бедел рейтингін жариялады. Бұл жоба зерттеу тобы тарапынан 5 жыл бойы жүргізіліп келеді және орта және жоғары буын менеджерлерінен тұратын фокус-групты анкеталау мен одан пікір сұрауды қамтиды.
Тізімде бірінші орынды «Қазақтелеком» АҚ, екішіні БТА Банкі, үшіншіні «Қазкоммерцбанк» иеленіп отыр. «Астана-финанс»-ке келетін болсақ, мұнда елеулі жақсару байқалады. Мысалы, 2006 жылдың қорытындылары бойынша Компания тізімнің ең соңында болса, 2007 жылдың ішінде ол өз жайғасымын 34- орынға дейін көтере білді. Соңғы зерттеулердің қорытындылары бойынша «Астана Финанс» әйгілілігі бойынша «Центркредит Банкі» АҚ-ын, «Қазақстан Ұлттық банкі», «Альянс банкі» және «Ситибанк Қазахстан» банктерінен озып, рейтингтің тең ортасында орналасты.
Тұтас алғанда сарапшылардың алдын-ала болжамдары бойынша коммерциялық банктердің азаюы өтімділік дағдарысы, сыртқы қарыздардың дефициті және т.б. сияқты анық себептерден өте күтілген жағдай еді, бірақ, керісінше олардың саны артып, RBS пен Kookmin сияқты екі жаңа институттың келуімен белгіленді.
Жарыс кестесінен Chevron, «Базис-А», «Белкамит», Resmi Group, «Қуат», «ҚазАтомПром», «Дастарқан» желісі, Coca-Cola Almaty Bottlers сияқты рейтинг майталмандары және көптеген басқалар шығып кетті.
Егер былтырғы мен биылғы жылды салыстырсақ, лидерлердің салалық құрылымы өз мәнін өзгертті. Бірінші орынға ритейл шықты, оның соңында қаржы, одан әрі тамақ өнеркәсібі ілесіп келеді. Осы үш салада қызмет атқарған компаниялар рейтингтің ең үлкен бөлігі 63 пайызын құрайды. Өткен жылы «ұлттық мақтанышымыз» – мұнай-газ саласы 12 пайыздық нәтижемен екінші орында табылды. Ал 2008 жылы оның үлесі 1,89 пайыз болып, рекордтық ең төменгі деңгейге дейін азайды.
Құрылыс компаниялары санының іс жүзінде нөлге айналғаны айтпаса да түсінікті. Зейнетақы қорларының жағдайлары одан да сорақы. Пікір сұраудың 755 қатысушысының ішінен өз анкеталарында зейнетақы қорларын 3-і ғана көрсетті.
Бұрын отандық компаниялардың саны шетелдіктерден едәуір асса, 2008 жылы қорытынды рейтингте LG, Nokia, Google, Nissan сияқты әлемге әйгілі көптеген брендтердің пайда болғаны қызық жәйт. Бір жағынан бұл отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін жоғалтқандарын көрсетеді.
Әрбір компания үшін әрбір критерий бойынша орташа балмен бірге жалпы қорытынды баға да енгізілді. Кандидаттар туралы пікір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне, компаниямен жеке қатынасу тәжірибесіне, клиенттер мен серіктестердің пікірлеріне, қоғамдағы беделіне сүйеніп қалыптасты. Компанияның таңдалуына компанияның жетістігі, брендтің әйгіленуі (жарнама, сыбыс, PR), басшының беделі сияқты факторлар, сонымен бірге коммерциялық емес БАҚ-та жиі аталуы ықпал етті.
01.06.2010
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
«Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі,
07.05.2010
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
Баспасөз қызметi,
07.05.2010
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
Баспасөз қызметi,
06.05.2010
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
Баспасөз қызметi,
13.04.2010
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
Баспасөз қызметі,
updated 30.01.2009