| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Астана-Недвижимость» АҚ тағы да тұрақты қаржылық көрсеткіштерге ие болғанын жария етті. «Астана-Недвижимость» АҚ облигациялары «Рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының бірінші санатшасы бойынша қазақстандық қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген алғашқы құрылыс компаниясы болды.
Үстіміздегі жылдың 31 қазанында канадалық өндірушілердің өнімдерін экспорттық қаржыландыру мақсатымен «Астана Финанс» АҚ мен Export Development Canada арасындағы Несие желісін 100 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайту туралы қосымша келісімге қол қойылды.
2008 жылғы 26 маусымда Алматы қаласы Аймақтық Қаржы Орталығының арнаулы сауда алаңшасының Сараптау Кеңесінің шешімімен Алматы қаласы Аймақтық Қаржы Орталығының арнаулы сауда алаңшасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздарды қайта сыныптау бекітілді.
Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының арнаулы сауда алаңшасының (ААҚО АСА) Сараптау кеңесінің 2008 жылғы 26 маусымдағы шешімімен ААҚО АСА ресми тізіміне ("С" санаты) "Астана-Финанс" АҚ-ның мына облигацияфлары енгізілді
«Қазақстан қор биржасы» АҚ акционерлерінің 2008 жылғы 26 маусымдағы жылдық жалпы жиналысында Астана Финанс Компаниясы 2007 жылдың қорытыныдылары бойынша Биржаның ең үздік мүшелерінің арасындағы «Жетекші қаржы кеңесшісі» номинациясында жеңімпаз атанды.
Қазақстан Қор Биржасы Басқармасының 2007 жылғы 13 мамырдағы шешімімен облигациялар (эмиссияны мемлекеттік тіркеу күні 11.04.2008ж., НИН KZP01Y15D013) KASE-нің "А" санатындағы ресми тізіміне енгізілген болып танылды. Осы шешім 2007 жылғы 19 мамырдан бастап күшіне енді.
«Астана – Финанс» акционерлік қоғамы инвесторларға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008 жылғы 23 сәуірде мына облигацияларды мемлекеттік тіркеуді жасағаны туралы хабарлайды:
«Астана-финанс» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2008 жылғы 29 мамырда сағат 15.00-де (Астана уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12 мекен-жайында өткізілетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Акционерлерді тіркеу аталған күнде сағат 14.00-ден сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі.
Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – Финанс» акционерлік қоғамы инвесторларға жай акцияларды (бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы 2007 жылғы 19 ақпандағы №А3767 куәлік НИН KZ1C37670011) орналастыру туралы хабарлайды.
«Астана-финанс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) осымен өз акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі «Астана-финанс» АҚ-ның жай акцияларын Қоғамның жарияланған акциялары санының шегінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында жазылу арқылы орналастыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. (Қоғамның Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 21 наурыздағы шешімі).
Қазақстан Қор Биржасы Басқармасының 2007 жылғы 21 наурыздағы шешімімен облигациялар (эмиссияны мемлекеттік тіркеу күні 16.02.2007ж., НИН KZPC2Y15C258) KASE-нің "А" санатындағы ресми тізіміне енгізілген болып танылды. Осы шешім 2007 жылғы 25 наурыздан бастап күшіне енді.
Астана, 2008 жылғы 14 наурыз – Бүгін елордалық RIXOS отелінде «Астана-Финанс» инвестиция-қаржы тобының басшылығын беделді еуропалық EUROMONEY басылымының болжауы бойынша «Еуропаның дамушы рыноктарының корпорациялық басқару саласында 2007 жылдың үздік қаржы компаниясы» ресми дипломымен марапаттау рәсімі болып өтті.
«Астана-финанс» Акционерлік қоғамы 2008 ж. 02. 25-де тізімнен тыс «А-ф» АҚ-ы акционерлерінің жалпы жиналысы өткені туралы мәлімдеме
«Астана-финанс » Акционерлік Қоғамы барлық қызығушылығы бар тұлғаларды Қоғамның келесідей келісімдерді жүзеге асырғандығы туралы хабарлайды...
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ қоғамның акционерлеріне 2008 жылдың 25 ақпанында сағат 15.00-де, Астана қ., Бигельдинов к-сі, 12 мекен-жайы бойынша «Астана – финанс» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыратынын хабарлайды.
updated 05.12.2008