Астана Финанс html print
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2008 > 03 > 31 > «АСТАНА-ФИНАНС» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАУ

«АСТАНА-ФИНАНС» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАУ

31.03.2008 Бспасөз орталығы,

2008 наурыз
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31

«Астана-финанс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) осымен өз акционерлеріне Қоғамның Директорлар кеңесі «Астана-финанс» АҚ-ның жай акцияларын Қоғамның жарияланған акциялары санының шегінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында жазылу арқылы орналастыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды. (Қоғамның Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 21 наурыздағы шешімі).

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, Қоғамның жай акцияларына ие болған акционерлердің жай акцияларды өздерінде болған жай акциялардың санына пропорционалды түрде Қоғамның Директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы бойынша бірдей шарттармен сатып алуға артықшылық құқығы бар. Орналастырылатын жай акцияларды сатып алуға артықшылық құқығы бар акционерлердің тізімін Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар жүйесінің 2008 жылғы 21 наурыздағы 00:00 сағатқа дейінгі деректері негізінде Қоғамның Тіркеушісі жасады.

Орналастырылатын жай акциялар туралы ақпарат:

Орналастырылатын бағалы қағаздардың саны мен түрлері 1 019 608 (бір миллион он тоғыз мың алты жүз сегіз) дана жай акция
Орналастырылған жай акциялар санының орналастырылып отырған жай акциялардың санына ара салмағы 3 700 000 (үш миллион жеті жүз мың) дана орналастырылған жай акция / 1 019 608 (бір миллион он тоғыз мың алты жүз сегіз) дана орналастырылатын жай акция, немесе 3,62
Қоғамның орналастырылатын жай акцияларын сатып алудың шарттары Жай акцияларға ие болған басқа акционерлермен бірдей шарттармен жай акциялардың санына пропорционалды түрде Қоғамның Директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы бойынша.
Қоғамның Директорлар кеңесі белгілеген орналастыру бағасы Бір жай акция үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңге

Артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес, акционер 2008 жылғы 31 наурыздан (Қоғамның акцияларды орналастыру туралы құлақтандыру (жариялау) күні) бастап, он үш күннің ішінде акцияларды сатып алуға өтінім беруге құқылы.

Қоғамның орналастырылатын жай акцияларын сатып алу үшін қажетті акциялардың жеткілікті санына ие болмаған акционер орналастырылатын жай акцияларды Қоғамның басқа акционерлерімен ортақ меншік құқығымен сатып алуы мүмкін. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәлімет болмаған атаулы ұстаушының клиенті Қоғамның акционері болып табылған жағдайда, орналастырылатын жай акцияларды сатып алуға арналған өтінімді жоғарыда белгіленген мерзімде орталық депозитарий ұсынады.

Қоғам акционерінің немесе орталық депозитарийдің жазбаша түрде жасалған орналастырылатын жай акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға арналған өтінімі төменде көрсетілген мекен-жай бойынша, табыстау туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі немесе оны акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі ұсынады. Акционер немесе оның уакілетті тұлғасы өз қолымен ұсынған жағдайда өтінімнің екі данасы жасалады және өтінімнің екінші данасында алу күні мен уақыты, оны алған тұлғаның тегі, аты (бар болғанда әкесінің аты) және қолы көрсетіліп, оның алынғаны туралы белгі жасалады.

Акционерлердің Қоғамның орналастырылатын жай акцияларын сатып алуға арналған өтінімдері мына пошталық мекен-жай бойынша берілуге тиісті: Қазақстан Республикасы, Астана қ. 010000, Бигелдинов к-сі, 12 414 каб.

Орналастырылатын жай акцияларды Қоғамның бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алу мәселесі бойынша Қоғамның акционерлерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, байланыс реквизиттері: Корпорация хатшысы – Умарова Гүлшара Бисеналиқызы.

байланыс тел.: 8 (7172) 59 10 63

g_umarova@af.kz


01.06.2010 

«Астана-Финанс» "Yмiт-Надежда" балалар қорына қайырымдылық қолдауын көрсетті

Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.

«Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі
07.05.2010 

«Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.

Баспасөз қызметi
07.05.2010 

«Астана-Финанс» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды

2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.

Баспасөз қызметi
06.05.2010 

«Астана-Финанс» АҚ еншілес компанияларының басқару органдарында өзгерістер болды

2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.

Баспасөз қызметi
13.04.2010 

ҚҚА мен «Астана-финанс» банк конгломераты арасындағы көпжақты келісімге қол қойылды

ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды

Баспасөз қызметі
2010  2009  2008  2007  2006  2005  rss

updated 31.03.2008