| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Астана, 2008 жылғы 14 наурыз – Бүгін елордалық RIXOS отелінде «Астана-Финанс» инвестиция-қаржы тобының басшылығын беделді еуропалық EUROMONEY басылымының болжауы бойынша «Еуропаның дамушы рыноктарының корпорациялық басқару саласында 2007 жылдың үздік қаржы компаниясы» ресми дипломымен марапаттау рәсімі болып өтті. Марапттау үшін Қазақстанның елордасына арнайы келген ТМД мен Шығыс Еуропа елдері бойынша EUROMONEY директорының айтуына сәйкес, іскерлік басылымның бағасы Компанияның топ-менеджерлері мен акционерлерінің корпорациялық басқарудың сапасын жақсартуға, қаржылық мөлдірлікті көтеруге және инвесторлардың құқықтарын сыйлауға бағытталған талпыныстарын тану болып табылады.
Мартин Борнның айтуы бойынша мұндай марапатқа өздерін рынокта жігерлі ойыншы ретінде көрсеткен және бизнесті ең жақсы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізетін компаниялар ие болады. EUROMONEY сарапшылары мен талдаушыларының бағасы Компанияның қаржылық мөлдірлігі, ұйымдық құрылымы, басқару жүйесі, инвесторлар және акционерлермен өзара қарым-қатынас жүйесі, компанияның рыноктағы жайғасымы, қызметкерлердің кәсібилігі сияқты көрсеткіштерінен және бірқатар басқа критерийлерден қалыптасты.
Осы орайда бағалау Астана Финанс туралы ресми түрдегі, оның ішініде БАҚ-да жарияланған ақпаратқа (қарыжылық есеп беру, аудит қорытындылары, ресми хабарлар және т.б.) сүйеніп жүргізілді. Астана Финанс менеджментті мінсіз ашық компания беделін үнемі растайды. 2006 жылы Компания «EUROMONEY» құрған «Еуропаның дамушы рыноктарында корпорациялық басқару бойынша жетекші институт» атағына ие болған. Бірақ бұл жайт Компанияның топ-менеджменті үшін тыныштануға себеп болмайды. «Біз жеткен жерімізде тоқтауды ойламаймыз – деп атап өтті Астана Финанстың Директорлар кеңесінің төрағасы Кинталь Исламов – EUROMONEY марапаты бізді Компанияның корпорациялық және жеке клиенттеріне ұсынылатын қаржы өнімдері мен қызметтердің сапасын сақтап қана қалмай оны арттыруға міндеттейді.»
Анықтама ақпарат
EUROMONEY тобы ішінде өзімен аты бір басылым жетекші болған, шамамен 100 журналды шығарады. Банк секторындағы жетістіктер үшін марапттар 1991 жылдан бастап беріледі. Қазіргі күнде EUROMONEY әлемнің қырықтан астам елдерінде оқырман аудиториясы бар, ең беделді қаржы журналы болып табылады. Сонымен қатар топқа қаржы тақырыптағы конференцияларды ұйымдастыратын, кітап шығаратын, семинарларды өткізетін бөлімшелер кіреді. EUROMONEY корпорациялық басқарудың жай-күйін зерттеуді Орталық және Шығыс Еуропа, Азия және Латын Америка елдерінің ең ірі компаниялары арасында 2002 жылдан бастап өткізіп келеді.
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
updated 18.03.2008