Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2007 > 11 > 15 > "АСТАНА-ФИНАНС" АҚ 15 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА НЕСИЕ ЖЕЛІСІН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛ...

"АСТАНА-ФИНАНС" АҚ 15 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА НЕСИЕ ЖЕЛІСІН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

15.11.2007

2007 қараша
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30

Несие желісінің қаражаты Канада өндірушілерінен жабдық жеткізу бойынша Қазақстан компаниялары жасаған шарттарды қаржыландыруға жіберілетін болады. Осы күнге дейін осындай бес мәміле жасалды, оның соңғысы 3,5 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылық жабдығын жеткізу жөнінде Canam Engines (Канада) пен Investa Agro (Казахстан) арасында жасалды.

Export Development Canada – канада экспортшылары мен инвесторларына елден тыс жерлерде бизнесті кеңейту үшін инновациялық комерциялық шешімдерді ұсынатын экспорттық-несиелік агенттік. Агенттік 6 400 канадалық компаниямен ынтымақтасады, халықаралық клиенттердің саны 200 компанияны құрады.

EDC Канада рыногының атақты лидері, соңғы жеті жылдың ішінде компания елдің ең табысты 100 жұмыс берушілерінің санына үст-үстіне кіріп келеді.

Келісімге қол қою рәсіміне қатысқан Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маргарет Скок (Margaret Skok) келісімге қол қою "экономиканың агроөнеркәсіптік саласында Канада мен Қазақстанның одан әрі экономикалық дамуына және жоғары бәсекелік жағдайларының күшеюіне септігін тигізеді" деп атап өтті.

Несие желісінің тартылуы шетел қаржы институттарының "Астана-Финанс" АҚ-на көрсеткен жоғары сенімін дәлелдейді. Осы оқиғаның алдында әлемдік капитал рыноктарында Компанияның сәтті транзакциясы іске асырылды - "Астана-Финанс" АҚ қыркүйекте болған өтімділік дағдарысына қарамастан 50 млн. АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарызды тартты.

Қазіргі күнде "Астана-Финанс" АҚ банктік емес ұйымдардың арасында Қазақстанның қаржылық кызмет көрсету рыногындағы озаттардың бірі. Компанияның стратегиясы Астананың және бүкіл Қазақстанның халқы мен бизнесіне кешенді қызмет көрсететін еншілес кәсіпорындарын құруға және дамытуға бағытталған. Компания банктік емес ұйым мәртебесін ойдағыдай пайдаланып, экономиканың әртүрлі салаларына тиімді инвестициялар жасайды. Компанияның қаржы саласындағы онжылдық тәжірибесі жаңа жобаларды енгізуді жылдам және тиімді түрде жүзеге асыруға, ақыл-кеңес беру кызметін көрсетуге мүмкіндік береді.

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі "Астана-Финанс" АҚ-на Ba1 рейтингін, ал Fitch ratings BB+ рейтингін берді, бұл елдің жетекші қаржы институттарының деңгейіне сәйкес келеді.

updated 10.02.2008



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару