![]() |
![]() |
|
||||||||
|
|
||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жаңалықтар"АСТАНА-ФИНАНС" АҚ 15 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ СОМАСЫНА НЕСИЕ ЖЕЛІСІН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ15.11.2007
Несие желісінің қаражаты Канада өндірушілерінен жабдық жеткізу бойынша Қазақстан компаниялары жасаған шарттарды қаржыландыруға жіберілетін болады. Осы күнге дейін осындай бес мәміле жасалды, оның соңғысы 3,5 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылық жабдығын жеткізу жөнінде Canam Engines (Канада) пен Investa Agro (Казахстан) арасында жасалды. Export Development Canada – канада экспортшылары мен инвесторларына елден тыс жерлерде бизнесті кеңейту үшін инновациялық комерциялық шешімдерді ұсынатын экспорттық-несиелік агенттік. Агенттік 6 400 канадалық компаниямен ынтымақтасады, халықаралық клиенттердің саны 200 компанияны құрады. EDC Канада рыногының атақты лидері, соңғы жеті жылдың ішінде компания елдің ең табысты 100 жұмыс берушілерінің санына үст-үстіне кіріп келеді. Келісімге қол қою рәсіміне қатысқан Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маргарет Скок (Margaret Skok) келісімге қол қою "экономиканың агроөнеркәсіптік саласында Канада мен Қазақстанның одан әрі экономикалық дамуына және жоғары бәсекелік жағдайларының күшеюіне септігін тигізеді" деп атап өтті. Несие желісінің тартылуы шетел қаржы институттарының "Астана-Финанс" АҚ-на көрсеткен жоғары сенімін дәлелдейді. Осы оқиғаның алдында әлемдік капитал рыноктарында Компанияның сәтті транзакциясы іске асырылды - "Астана-Финанс" АҚ қыркүйекте болған өтімділік дағдарысына қарамастан 50 млн. АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарызды тартты. Қазіргі күнде "Астана-Финанс" АҚ банктік емес ұйымдардың арасында Қазақстанның қаржылық кызмет көрсету рыногындағы озаттардың бірі. Компанияның стратегиясы Астананың және бүкіл Қазақстанның халқы мен бизнесіне кешенді қызмет көрсететін еншілес кәсіпорындарын құруға және дамытуға бағытталған. Компания банктік емес ұйым мәртебесін ойдағыдай пайдаланып, экономиканың әртүрлі салаларына тиімді инвестициялар жасайды. Компанияның қаржы саласындағы онжылдық тәжірибесі жаңа жобаларды енгізуді жылдам және тиімді түрде жүзеге асыруға, ақыл-кеңес беру кызметін көрсетуге мүмкіндік береді. Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі "Астана-Финанс" АҚ-на Ba1 рейтингін, ал Fitch ratings BB+ рейтингін берді, бұл елдің жетекші қаржы институттарының деңгейіне сәйкес келеді.01.06.2010
«Астана-Финанс» "Yмiт-Надежда" балалар қорына қайырымдылық қолдауын көрсеттіБалаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті. ,
07.05.2010
«Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаҚазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. ,
07.05.2010
«Астана-Финанс» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді. ,
06.05.2010
«Астана-Финанс» АҚ еншілес компанияларының басқару органдарында өзгерістер болды2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды. ,
13.04.2010
ҚҚА мен «Астана-финанс» банк конгломераты арасындағы көпжақты келісімге қол қойылдыҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды ,
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|