af.kz - Астана Финанс
kaz | rus | eng




Сілтемелер



Бас офисі:
010000, Астана қ., Бегельдинов көш., 12
орналасқан жері

Телефон:   +7 (7172) 59 19 19
Факс:   +7 (7172) 59 10 51

Алматы офисі:
050010, Алматы қ., Самал-3 шағынауданы, 25
орналасқан жері

Телефон:   +7 (727) 259-61-73, -75
Факс:   +7 (727) 259 61 77

Телефон:   8-800-0805-005 (тегін)
Эл.поштасы:   af@af.kz

Негізгі / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар / 2007 / 07 / 13

Жаңалықтар

"Астана-Финанс" лизинг компаниясының жаңа офисінің салтанатты ресми ашылу рәсімі болып өтті

13.07.2007

2007 шілде
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31

Ашылу рәсіміне қала әкімдігінің өкілдері, әртүрлі бизнес салаларында айналысқан компания басшылары қатысты. Олар "Астана-Финанс" лизинг компаниясының астананың инфрақұрылымын дамыту үшін өте көп қызмет атқарғанын, MAN автобустарын, коммуналдық техниканы жеткізу және т.б. сияқты қала үшін әлеуметтік маңызды жобаларға қатысып отырғанын атап өтті

Баспасөз конференциясында Компания басшылары журналистермен қызметтің перпективалы бағыттары туралы ойларымен бөлісті, осылардың ішінде Компанияны ресей рыногына шығару, әуе кемелерін лизингке беру, сондай-ақ жабдықты, коммерциялық жылжымайтын мүлікті лизингке беру және т.б. сияқты жаңа қызықты жобалармен таныстырды.

Тұсаукесерге Компанияның лизинг алушылары – қаланың ірі құрылыс салушылары: "Найза-Құрылыс", "Астана-Недвижимость", "Азбука жилья", "АқмолаҚурылысМатериалдары", "Бурлин газ строй", Қазақстанның ең ірі ауыл шаруашылық өндірушілері: "Қазэкспортастық", "Кинко", "Богви", "Маслодел", "Қазагротрэйд" компаниялары және т.б. қатысты.

Жанар Ниязбекова "Астана-Финанс" лизинг компаниясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы: "Бүгінгі іс-шараның – жаңа офистің салтанатты ашылуының – "Астана-Финанс" лизинг компаниясы" АҚ үшін зор маңызы бар. Біз бұл оқиғаны біздің ұйымымыздың даму тарихының жаңа кезеңі ретінде қабылдаймыз. Лизинг Компаниясының бөлек тіршілік еткен 1,5 жылдың ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік: несие портфелі 6 еседен көп мөлшерде ұлғайды, Қазақстанның алты аймағында филиалдар ашылды, біз рыноктағы жетекші орындардың біріне ие болып отырмыз. Компанияның өсуі мен дамуы жалғасып келеді, алда жаңа және қызықты жобалар көп. Біз өз клиенттеріміз бен серіктестерімізге алғысымызды айтамыз және әрқашан сіздерді көруге қуаныштымыз", деп атап өтті.

Директорлар кеңесінің төрағасы К.К. Исламов: "Клиенттердің мүдделерін сыйлау және іс операцияларын жүргізу шарттарын мейілінше жақсартуға ұмтылыс, әдеттегідей, Компанияның бизнесін дамытудың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады", деп мәлімдеді.

Астана Финанс компаниясы бұдан әрі де компанияның беделін нығайтуды қолдау саясатын жалғастыруды жоспарлайды және астананың іскерлік орталығында жаңа офистің ашылуы осыған дәлел болып табылады.

"Астана-Финанс" лизинг компаниясы" АҚ – Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникасының, көлік құралдарының, жол-құрылыс техникасының, коммерциялық жылжымайтын мүліктің, өндіріс жабдығының, жылжымалы құрамдардың, әуе кемелерінің ең ірі лизинг операторларының бірі. Компания Қазақстандағы лизинг қызметтерін көрсету рыногының 14 пайыз үлесіне ие болып отыр және лизинг портфелінің мөлшері бойынша (2007 жылғы 01 қаңтарда 111 млн. АҚШ доллары) 2- орынға ие болып, оның ең ірі қатысушыларының бірі болып табылады. Компанияның несие портфелі 2007 жылғы 01 шілдеде 200 млн. АҚШ долларынан артады, оның 90 пайызын астанада іске асырылатын жабалар құрайды.

Қазіргі уақытта Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал және Атырау қалаларында Компанияның 6 филиалы қызмет атқарады. 2007 жылдың соңына дейін Ақтобе қаласында филиал ашу жоспарланып отыр. Компанияның бас офисі Астанада орналасқан.

Компанияның активтерінде. КАМАЗ, "НЕФАЗ", "Ростсельмаш" (Ресей), Claas, Lemken, MAN (Германия), John Deere, Caterpillar (АҚШ), Morris, Brandt, Buhler, Bourgault (Канада), Case New Holland (Бельгия), XCMG (Қытай), МТЗ, МАЗ, МКСМ (Беларусь), Hyundai (Оңтүстік Корея), Hitachi (Япония) және т.б. сияқты әлемнің жетекші өндірушілерімен ынтымақтасудың үлкен тәжірибесі бар.

"Астана-Финанс" лизинг компаниясы" АҚ әуе кемелерінің лизингі бағытында белсенді жұмыс жүргізіп отырған алғашқы қазақстандық Компания. Жақында Компания Швейцарияда болған әуе кемелерінің көрмесіне қатысты (2007 жылғы сәуір), осында батыс еуропалық жеткізушілердің Қазақстанға қаржы лизингі шартымен әуе кемелерін жеткізуге қызығушылығы расталды. 2007 жылдың соңына дейін Компания Ресей рыногына шығуды жоспарлап отыр. Ресейлік рынокты игеру: Москва, Санкт-Петербург, Уфа, Орал Федералдық округінің ірі қалалары сияқты аймақтардан бастау жоспарланған. Жинақталған жұмыс тәжірибесі, батыстың қаржыландыру көздеріне қол жеткізушілік Компанияға сапалы қызмет көрсетуді және лизингтің бәсекеге қәбілетті шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.


01.06.2010 

«Астана-Финанс» "Yмiт-Надежда" балалар қорына қайырымдылық қолдауын көрсетті

Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.

«Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі
07.05.2010 

«Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.

Баспасөз қызметi
07.05.2010 

«Астана-Финанс» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды

2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.

Баспасөз қызметi
06.05.2010 

«Астана-Финанс» АҚ еншілес компанияларының басқару органдарында өзгерістер болды

2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.

Баспасөз қызметi
13.04.2010 

ҚҚА мен «Астана-финанс» банк конгломераты арасындағы көпжақты келісімге қол қойылды

ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды

Баспасөз қызметі
2010  2009  2008  2007  2006  2005  rss


© 1998—2008 Астана Финанс

негізгі · сайт мазмұны | құпиялық  ·  қолдану шарты  ·  кері байланыс