Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2007 > 06 > 19 > 2007 жылдың 8 маусымында "Астана-финанс" АҚ орта мерзімді облигциялар (Global Me...

2007 жылдың 8 маусымында "Астана-финанс" АҚ орта мерзімді облигциялар (Global Medium Term Note) бағдарламасының шеңберінде сомасы 300 млн. еуроны құрайтын және үш жылдық айналыс мерзімі бар еурооблигациялардың шығарылымын орналастыруды аяқтады

19.06.2007

2007 маусым
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30

2007 жылдың 8 маусымында "Астана-финанс" АҚ орта мерзімді облигциялар (Global Medium Term Note) бағдарламасының шеңберінде сомасы 300 млн. еуроны құрайтын және үш жылдық айналыс мерзімі бар еурооблигациялардың шығарылымын орналастыруды аяқтады.

Шығарылым "Астана-финанс" АҚ мен "Астана-финанс" лизинг компаниясы" АҚ-ның берген кепілдігімен Нидерландыда тіркелген Astana Finance B.V. атты арнайы еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырылды. Борышты орналастыру бойынша бірлескен ұйымдастырушылары болып Citigroup және Deutsche Bank (Joint Bookrunners) инвестиция банктері әрекет етті.

Бағаның құрылуы басталғанға дейін шығарылымға инвесторлар тарапынан болған сұраныс 500 млн. еуродан асты. Баға құрылымының қорытындылары бойынша купондық мөлшерлеме 7,875 пайызды, мидсвоптағы спред 337 базистік пунктті құрады. Географиялық үлестіру бойынша облигациялардың орналасуы мынадай көріністі береді: Германия/Австрия - 30%, Великобритания – 24%, Швейцария -13%, Азия – 13%, Бенилюкс елдері – 7%, басқа елдер – 13%. Активтерді басқару жөніндегі қорлар мен компаниялар 57 пайызды, банктер 28 пайызды, жеке компаниялар мен басқалар 15 пайызды сатып алды.

Fitch Ratings және Moodys халықаралық рейтинг агенттіктері "Астана-финанс" АҚ еурооблигацияларының шығарылымына тиісінше "BB+" и "Ba1" деген алғашқы рейтинтерін берді.


updated 10.02.2008



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару