![]() |
![]() |
|
||||||||
|
|
||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жаңалықтар16 мамыр 2007 жыл- Бүгін ҚР мен ҚХР шекарасындағы "Қалжат" кеден бекетінде Жүкті кедендік тазалау бойынша қойманың (ЖКТҚ) салтанатты ашылу рәсімі өтіп16.05.2007
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ 16 мамыр 2007 жыл- Бүгін ҚР мен ҚХР шекарасындағы "Қалжат" кеден бекетінде Жүкті кедендік тазалау бойынша қойманың (ЖКТҚ) салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оған Қазақстандағы ҚХР елшілігінің өкілдері, сонымен бірге ҚР министрліктері мен ведомстваларының өкілдері, облыс және аудан әкімшілігінің, кедендік, шекаралық, көліктік және өзге де қызметтердің басшылары қатысты. Қазақстан, бірегей транзиттік мүмкіндігі бар ел ретінде Шығыс пен Батыс елдері арасын қосатын Ұлы Жібек Жолының жаңа мүмкіндіктерін ашады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында "Біз Қытай Халық Республикасымен екі жақты әріптестік қарым-қатынасымызды, экономикалық және саяси байланысымызды жалғастыра түсеміз. Қазақстан мұндай өзара тиімді әріптестіктің альтернативасы жоғын есекерді" деген болатын. Мемлекет басшысының бұл сөзіне жыл сайын артып келе жатқан тауар айналымының қарқыны дәлел болады. Жоспарға сәйкес 2015 жылы тауар айналымы жылына 17 млн. тоннаға жетеді. Астана Финанс компаниясы ҚНР шекарасындағы кеден бекетінің жүктерді тасымалдауда шамасының шектеулі болуына байланысты және Үкіметтің ірі трансұлттық автожол жобасы құрылысын жүзеге асыруға ниет білдіруіне орай,. созылатын Батыс Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай бағдары бойынша Қазақстан жақтан. болатын дәліз құрылысы жобасына орай халықаралық стандарттарға жауап бере алатын Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы бойынша инфрақұрылымды қамтамасыз ететін жобаны жүзеге асыруға кірісті. Жіберуші бекет Азия Логистик компаниясымен бірге "Қалжат" ЖКТҚ құрылысы болды. Қазір ҚХР шекарасында бес бақылау-өткізу бекеті бар: "Қорғас", "Достық", "Майқапшағай", "Бахты" және "Қалжат". "Қорғас" бекеті автомобильді жүктерді рәсімдеуде жылдамдығы төмен болса, "Достық" бекеті теміржол көлігі бойынша қызмет көрсетеді, ал "Бахты" мен "Майқапшағай" бекеттерінде ЖКТҚ мүлде жоқ. Сондықтан "Қалжатта" ЖКТҚ ашылуы және көліктік логистикалық орталықтар құрылысы арқасында Қазақстан мен Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы автомобильді және теміржолды жүктердің импорт-экспорт айналымы көлемі өседі. Азия Логистик компаниясы Астана Финанс компаниясымен бірге "Қалжат" ЖКТҚ 25 млн. АҚШ долларын инвестициялауды және әлемдік стандарттарға сәйкес инфрақұрылымды жасауға ниетті. Инвестиция сомасы уақыт өте келе жаңадан ашылатын мүмкіндіктерге орай өсуі ықтимал. Заманауи телекоммуникациялық жабдықтармен, қауіпсіздік жүйелері, жоғарыдан бақылай алатын пандуспен жабдықталған, 200 жүк көлігі сиятын автокөлік тұрағы бар "А" санатындағы қоймаларды салу жоспарланған. Одан басқа, ЖКТҚ жанынан 3-жұлдызды халықаралық деңгейдегі отель салынып, жаңа автожанармай станциялары, техникалық қызмет көрсету орталықтары, "Фаст фуд" жүйесі бойынша тамақтандыру орындары ашылады. Потенциалды клиенттерге ең заманауи қойма логистикалары ұсынылады:
және т.б. Сонымен қатар жинақтаушы-реттеуші орталықтарды құру жоспарланған. "Қалжат" халықаралық санаттағы логистикалық орталық 2007 жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл шара Қазақстан Үкіметінің экономиканың маңызды салаларын дамытудағы кластерлі дамыту мақсатына жатады. Аталмыш логистикалық орталық Қазақстандағы алғашқы орталық болады. Алдағы уақытта Астана Финанс мұндай орталықтардың желісін өзге де кеден бекеттерінде салуды жоспарлауда. Мұндай маңызды шараны жүзеге асыру арқылы қосымша жұмыс орындарын ашады, жаңа технологияларды енгізіп, аймақтардың инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Астана Финанс және Азия Логистик жаңа "Қалжат" ЖКТҚ орталығына қызмет көрсетуге қуаныштарын білдіріп, жаңа көліктік-логистикалық орталықтарды салу бойынша жаңа әріптестерді бірлесе қызмет етуге шақырады. Қосымша ақпарат алу үшін: "Астана Финанс" инвестициялық тобы +7 727 2596175; +7777 3713685 Асан Қуанов 01.06.2010
«Астана-Финанс» "Yмiт-Надежда" балалар қорына қайырымдылық қолдауын көрсеттіБалаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті. ,
07.05.2010
«Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаҚазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. ,
07.05.2010
«Астана-Финанс» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді. ,
06.05.2010
«Астана-Финанс» АҚ еншілес компанияларының басқару органдарында өзгерістер болды2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды. ,
13.04.2010
ҚҚА мен «Астана-финанс» банк конгломераты арасындағы көпжақты келісімге қол қойылдыҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды ,
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|