Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2007 > 04 > 20 > Астана Финанс компаниясы "Альфа-Банк-Башкортостан" ААҚ-ын сатып алды Астана Финанс компаниясы "Альфа-Банк-Башкортостан" ААҚ-ын сатып алды20.04.2007
Бүгін 20 сәуірде Алматыда "Астана-Финанс" АҚ-ның "Альфа-Банк Башкортостан" ААҚ-ын сатып алуы бойынша мәміле жасалды. Астана Финанс пен Альфа-Банктің бірінші басшыларының кездесулері кезінде "Альфа-банк-Башкортостан" ААҚ акцияларының 99,4 пайызын иелену құқығын табыс етуді көздейтін бір қатар келісімдерге қол қойылды. Жақын арада РФ Орталық Банкі банктің жаңа атауын - "АФ Банк" ААҚ-ын тіркейді. Альфа-Банк көп жылдар бойы еншілес банк ретінде Башқұртстан аумағында жұмыс істеді, бірақ капитал мөлшері және Альфа-Банкпен заңдық байланысыздығы республика аумағында клиенттерге қызмет көрсетудің озат технологияларын тез және сапалы түрде таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл жағдай Башқұртстандағы филиалдың ашылуына себепкер болды. Альфа-Банктің екі құрылымының – еншілес банкі мен филиалының қосарласқан жұмысы экономикалық тұрғыдан өзін ақтай алмады, сондықтан еншілес банкі сату туралы шешім қабылданды. ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында еліміз қазірдің өзінде өз жетістіктері мен табыстарын пайдалана алатын бағыттады кңейтудің қажеттілігін атап өтті. Осыған орай оның айтуы бойынша негізгі назарды ең алдымен Россия рыноктарына аудару керек. Атап өтерлік жайт, Астана Финанс капитал экспортының аумағын кеңейту бойынша белсенді әрекеттер жасап келеді, осының арқасында шетелде мемлекетіміздің беделін нығайтып отыр. Анықтама. "Альфа-Банк Башкортостан" ААҚ 1990 жылғы 30 қазанда құрылған "Информсвязь" коммерциялық банкінің құқықтық мирасқоры. Альфа-Банк-Башкортостан қаржы қызметтер рыногында ұсынылған банк операцияларының барлық негізгі түрлерін жүзеге асырады. Меншікті қаражатының көлемі бойынша республика рыноғы көшбасшыларының үштігіне кіреді. 2007 жылғы 1 сәуірде капиталдың мөлшері 403 950 мың рубльді, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында баланстық пайданың көлемі 16 358 мың рубльді құрады. Банк салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылады. Анықтама. Астана Финанс 1997 жылы құрылды. Компанияның басты міндеті – Қазақстан, ТМД және алыс шетелдің қаржы рыноктарында бәсекеге қабілетті тұрақты жайғасымдарға жету мақсатымен қаржлық және өзге қызметтердің толық кешенін ұсыну. Астана Финанс елдің ішкі қор және қаржы рыноктарында белсенді қызметті жүзеге асырады. Компания жетекші экспорттық-импорттық агенттіктермен, халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтасады. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Астана Финанс компаниялар Тобының меншікті капиталының мөлшері 8,7 млрд. теңгеге (68,5 млн. долл.) тең. Топтың активтері 131,2 млрд.теңгені (1,033 млрд. долл.) құрады. Резервтерді қоспағанда кредиттер 97,5 млрд.теңгені (767,9 млн. долл.) құрады. 2006 жылдың таза пайдасы 1,9 млрд. теңге (шамамен 15 млн. долл.). updated 10.02.2008 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||