Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2007 > 04 > 06 > "Астана – финанс" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратынын хабарлай... "Астана – финанс" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратынын хабарлайды06.04.2007
Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан "Астана – финанс" АҚ қоғамның акционерлеріне 2007 жылдың 11 мамырында сағат 15.00-де, Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12 мекен-жайы бойынша "Астана – финанс" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратынын хабарлайды. Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы – "Астана – финанс" АҚ-ның директорлар кеңесі. Акционерлерді тіркеудің басталуы 11 мамырда сағат 14.00-де. "Астана – финанс" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2007 жылдың 20 сәуірінде жасалады. Күн тәртібі: 1. "Астана – финанс" АҚ Басқармасының есебін және жылдық қаржылық есеп беруін бекіту. 2. Қоғамның 2006 жылдағы таза табысын үлестірудің тәртібін бекіту. 3. 2006 жылдың қорытындылары бойынша "Астана – финанс" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу және бір жай акцияға тиесілі дивидендтің мөлшерін бекіту. 4. "Астана – финанс" АҚ-ның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту. 5. Қоғамның және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне байланысты акционерлердің жүгінуі және олардың қаралуы туралы ақпарат. 6. "Астана – финанс" АҚ-ның Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат. Акционерлер жиналысының күн тәртібінің материалдарымен мына мекен жайда танысуға болады: Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12, 407 бөлме. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2007 жылдың 12 мамырында сағат 15.00-де, Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12 мекен жайында өткізіледі. updated 10.02.2008 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||