| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан "Астана – финанс" АҚ қоғамның акционерлеріне 2007 жылдың 11 мамырында сағат 15.00-де, Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12 мекен-жайы бойынша "Астана – финанс" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратынын хабарлайды.
Жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы – "Астана – финанс" АҚ-ның директорлар кеңесі.
Акционерлерді тіркеудің басталуы 11 мамырда сағат 14.00-де.
"Астана – финанс" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2007 жылдың 20 сәуірінде жасалады.
Күн тәртібі:
1. "Астана – финанс" АҚ Басқармасының есебін және жылдық қаржылық есеп беруін бекіту.
2. Қоғамның 2006 жылдағы таза табысын үлестірудің тәртібін бекіту.
3. 2006 жылдың қорытындылары бойынша "Астана – финанс" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу және бір жай акцияға тиесілі дивидендтің мөлшерін бекіту.
4. "Астана – финанс" АҚ-ның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.
5. Қоғамның және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне байланысты акционерлердің жүгінуі және олардың қаралуы туралы ақпарат.
6. "Астана – финанс" АҚ-ның Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.
Акционерлер жиналысының күн тәртібінің материалдарымен мына мекен жайда танысуға болады: Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12, 407 бөлме.
Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2007 жылдың 12 мамырында сағат 15.00-де, Астана қ., Бегельдинов к-сі, 12 мекен жайында өткізіледі.
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
updated 10.02.2008