| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
"Астана-финанс" АҚ 2003 жылғы 2 маусымдағы № 461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңның 22- бабының 2- тармағына сәйкес "Астана-финанс" АҚ-ның артықшылықты акцияларын орналастырудың басталғаны туралы хабарды жариялайды.
Мәлімет: 2007 жылдың 19 ақпанында ҚР Қаржы рыноктары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі 2.075.000 дана жай акцияны және 1.925.000 дана артықшылықты акцияны қамтитын 4.000.000 дана көлеміндегі қосымша эмиссия арқылы жарияланған акциялардың санын 3.700.000 данадан 7.700.000 данаға дейін ұлғайтуға байланысты "Астана-финанс" АҚ акциялары шығарылымының проспектіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүргізді.
2007 жылдың 21 ақпанында "Астана-финанс" АҚ-ның Директорлар кеңесі "Астана-финанс" АҚ-ның артықшылықты акцияларын орналастыруды бастау туралы шешім қабылдады.
Шығарылым туралы жалпы мәлімет:
| Эмитенттің толық атауы | "Астана-финанс" акционерлік қоғамы |
| Эмитеттің орналасқан жері | Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12 |
| Андеррайтердің атауы | Эмитент артықшылықты акцияларды орналастыруды дербес жүзеге асырады. |
| Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі | Артықшылықты акциялар |
| Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеу күні | 19.02.2007 ж. |
| Эмиссиялық бағалы қағаздардың саны | 1 925 000 (бір миллион тоғыз жүз жиырма бес мың) дана |
| Акционерлердің акцияларды артықшылықты сатып алу құқығын іске асырудың мерзімі мен тәртібі | Директорлар кеңесі осы шығарылымның артықшылықты акцияларын орналастыруды бастау туралы шешімді қабылдаған күнге дейін Қоғамның артықшылықты акциялары шығарылмады және орналастырылмады. |
| Артықшылықты акцияның орналастыру бағасы | 3 000 (үш мың) еңге. |
| Артықшылықты акцияларды өтеу тәсілі | Ақшалай, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен. |
Толығырақ ақпаратты мына мекен-жай бойынша ала аласыз: Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12
Байланыстағы тұлғалар:
Бағалы қағаздармен жұмыс жөніндегі басқарманың директоры Изгутдин Олжас 8 /7172/ 59-22-52;
Андеррайтинг бөлімінің бастығы Қойшанова Раушан 8 /7172/ 59-29-30.
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
updated 10.02.2008