Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2006 > 12 > 25 > Қазақстандағы жаңа ұлттық рейтинг шкаласына сәйкес Fitch Ratings агенттігінің "А...

Қазақстандағы жаңа ұлттық рейтинг шкаласына сәйкес Fitch Ratings агенттігінің "Астана-Финанс" АҚ-на "A+(kaz)" рейтингін бергені туралы

25.12.2006 Баспасөз қызметі,

2006 желтоқсан
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қазақстандағы жаңа ұлттық рейтинг шкаласына сәйкес Fitch Ratings агенттігінің "Астана-Финанс" АҚ -на "A+(kaz)" рейтингін бергені туралы.

Пресс-релиз

Осы жылдың 11 желтоқсанында Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасында ұлттық рейтинг шқаласын енгізді. "Астана-Финанс" АҚ жаңа ұлттық шқала бойынша "Тұрақты" болжамы бар "A+(kaz)" деңгейіндегі рейтингті алған бірінші компания болды.

Осыдан бұрын Fitch агенттігі "Астана-Финанс" АҚ-на эмитенттің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін "ВВ+" деңігейінде ("Тұрақты" болжамы) берді. Fitch агенттігі ұлттық рейтингтерді енгізу дағдысын 1997 жылдан бастап қолданып келеді және дамушы экономикасы бар елдерде пайдаланады. Ұлттық рейтинг шкаласы халықаралық шкаламен салыстырғанда Компанияның несиені өтеу қабілеттілігінің қосымша саралануын көрсетеді және Қазақстан Республикасының егемен рейтингі бойынша шектеулерді алып тастайды.

"Астана-Финанс" АҚ-на ұлттық шкала бойынша жоғары рейтингтің (А+kaz) берілуі ішкі және сыртқы қаржы рыноктарында Компанияны инвестициялық тартымдылығын қосымша көтереді және басқа қазақстандық эмитенттермен салыстырғанда рейтинг тарихы бойынша артықшылық береді.

Қазақстан Республикасында ұлттық рейтинг шқаласының енгізілуі корпорациялық облигациялардың ішкі рыногы өсуінің жоғары қарқынына байланысты.


updated 10.02.2008



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару