Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2006 > 11 > 29 > "Астана-Финанс" АҚ-ның керамикалық кірпіш шығаратын зауытты (Көкшетау қ.) қаржыл...

"Астана-Финанс" АҚ-ның керамикалық кірпіш шығаратын зауытты (Көкшетау қ.) қаржыландыруға қатысуы туралы

29.11.2006 Баспасөз қызметі,

2006 қараша
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30

"Астана-Финанс" акционерлік қоғамы тоғыз жыл бойы қазақстандық қаржы және инвестиция қызметі рыногында жұмыс істеп келеді. Осы кезеңнің ішінде "Астана-Финанс" сенімді серіктес беделіне ие болып қана қоймай, қаржы қызметтерінің көптеген түрлерін ең жоғарғы деңгейде ұсынатын компания ретінде де мәлім болды.

Осы күні "Астана-Финанс" жалпы сомасы 70 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі қызметімен де кеңінен танымал болды.

Көкшетау қаласындағы керамикалық кірпіш шығаратын зауыт Қазақстандағы шүбәсіз болашағы бар және ең ірі жобалардың бірі болады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 60 млн. шартты кірпішті құрайтын болады. Зауыт ең жоғарғы дүниежүзілік стандарттарына жауап беретін тыстық керамикалық кірпіш пен ірі форматты құысталған құрылыс блоқтарын өндіруге мүмкіндік беретін "Solincer s.l." испаниялық компаниясының жоғары технологиялық құралдарымен жабдықталады.

Осы жобаның іске асырылуы Қазақстанның құрылыс саласының жоғары сапалы құрылыс материалдарына деген өсіп келе жатқан қажеттіктерін қанағаттандырып ан қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік береді. Зауытты жүргізу 2008 жылдың басына жоспарланған.

Жобаның бастамашысы ретінде "Investment Company "Capital Management" (ICCM) ЖШС инвестициялық-жобалаушы компаниясы әрекет етеді. Осы жобаны іске асыру үшін "ENKI" ЖШС компаниясы құрылды.

Неміс технологиясы бойынша қуыс бетон өндіретін, құны 17,5 млн. АҚШ долларын құрайтын және жылына 138 мың текше метр бетон өндіруге қуаты бар "Экотон+" зауытының құрылысы, сол сияқты жылына 190 мың текше метр бетон өндіруге қуаты бар Ақтобе қаласындағы "Экотон-Батыс" жобасына қатысу "Астана-Финанс" АҚ-ның табысты инвестициялық қызметінің үлгісі болып табылады.

Импорттың орнын басушы сипаты бар өндірістерді құруға бағытталған инновациялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысу бұрынғыдай да компания қызметінің басым бағыттарының бірі болады.


updated 10.02.2008



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару