Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2006 > 11 > 23 > "Астана-Финанс" АҚ еурооблигацияларын орналастыру туралы

"Астана-Финанс" АҚ еурооблигацияларын орналастыру туралы

23.11.2006 Баспасөз қызметі,

2006 қараша
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30

2006 жылдың 9 қарашасында "Астана-финанс" АҚ бесжылдық сомасы 175 млн. АҚШ долларын құрайтын, жылдық 9 пайыз купоны бар еурооблигацияларды орналастыруды аяқтады. Шығарылым "Астана-финанс" АҚ мен "Астана-финанс" лизинг компаниясы" АҚ-ның берген кепілдігімен Нидерландта тіркелген Astana Finance B.V. еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырылды. Екінші шығарылымды орналастыруды жалғыз ұйымдастырушы және тіркеуші болып JPMorgan инвестициялық банкі әрекет етті.

Инвесторлардың базасын әртараптандыру мақсатымен роуд-шоу бағыты біраз өзгертілді, оған Сеул, Копенгаген және Мюнхен сияқты жаңа қалалар енгізілді. Сонымен бірге, "Астана-финанс" АҚ менеджменті бұрынғыдай Сингапур, Гонконг, Лондон және Франкфурт қалаларына барды.

Орналастыру кезінде қоғамның банктік емес қаржы институты және мемлекеттік органның қатысу үлесі бар егемен сыңайлы компания ретіндегі мәртебесі әжептәуір рөл ойнады. Еурооблигациялардың дебюттік шығарылымымен салыстырғанда екінші шығарылым жүргізілгенде инвесторлардың шеңбері 48-ден 66-ға дейін ұлғайды, осылардың 40-ы "Астана-финанс" АҚ еурооблиацияларына алғашқы рет инвестиция жасады. Инвесторлар базасын кеңейту және әртараптандыру мәміленің табысты болуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Өтінімдердің соңғы көлемі бастапқы сомадан артты және 230 млн. АҚШ долларын құрады. Географиялық үлесу бойынша Азия 31 пайызды, Германия/Австрия 21 пайызды, Ұлыбритания 20 пайызды, Швейцария 11 пайызды, Еуропаның басқа елдері 12 пайызды, АҚШ-тың офшорлық компаниялары 5 пайызды сатып алды. Инвесторлардың түрі бойынша негізгі инвесторлар болған жеке банктер – 44 пайызға, активтерді басқару компаниялары – 39 пайызға және банктер – 17 пайызға ие болды.

Еурооблигациялардың баға құрылымы былай қалыптасты: 2009 жылда өтелетін еурооблигациялардың бірінші шығарылымы бойынша табыстылық 8,6 пайыз, қосымша айналым кезеңі үшін 50 базистік орын және жаңа шығарылым үшін сыйлық ретінде 15 базистік орын. Купондық мөлшерлемесі 9 пайыз болған жаңа еурооблигациялар баға бойынша 99.017 дисконтымен орналастырылды, ал ұсыныс бағасы екінші рынокке шығу сәтінде 99.25 жайғасымында бекіді.

Еурооблигациялардың екінші орналастырылуынан түскен ресурстар несие портфелін ұлғайтуға және компанияның жалпы корпорациялық мақсаттарына жіберілетін болады.

Fitch Ratings и Moodys рейтинг агенттіктері 2011 жылы өтелетін еурооблигациялардың екінші шығарылымына әзірше тиісінше "BB+" және "Ba1" рейтингтерін берді.

Еурооблигациялардың екінші шығарылымын орналастыру қазақстандық эмитенттер тарапынан жасалған ұсыныстардың саны көп болған жағдайда өтті.

Мәміленің ойдағыдай болуы еурооблигациялардың осы жылдың ақпанында жасалған дебюттік шығарылымын орналастырудан бергі кезеңдегі "Астана-Финанс" АҚ-ның тұрақты қаржылық және стратегиялық өсуінің, ұйымдастырушы JPMorgan жүргізген маркетинг науқанының және қоғам акцияларының 25,5 пайызына ие болып отырған Астана қаласы әкімшілігі жасаған қолдауының арқасында мүмкін болды.

"Астана-Финанс" АҚ-ның қызметі бұрынғыдай инновациялық аспаптарды қолдану негізінде қаржы және инвестиция қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынуға және олардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге шоғырланған.


updated 10.02.2008



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару