| Астана Финанс | ru kk en |
af.kz/kk/ |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2006 жылдың 9 қарашасында "Астана-финанс" АҚ бесжылдық сомасы 175 млн. АҚШ долларын құрайтын, жылдық 9 пайыз купоны бар еурооблигацияларды орналастыруды аяқтады. Шығарылым "Астана-финанс" АҚ мен "Астана-финанс" лизинг компаниясы" АҚ-ның берген кепілдігімен Нидерландта тіркелген Astana Finance B.V. еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырылды. Екінші шығарылымды орналастыруды жалғыз ұйымдастырушы және тіркеуші болып JPMorgan инвестициялық банкі әрекет етті.
Инвесторлардың базасын әртараптандыру мақсатымен роуд-шоу бағыты біраз өзгертілді, оған Сеул, Копенгаген және Мюнхен сияқты жаңа қалалар енгізілді. Сонымен бірге, "Астана-финанс" АҚ менеджменті бұрынғыдай Сингапур, Гонконг, Лондон және Франкфурт қалаларына барды.
Орналастыру кезінде қоғамның банктік емес қаржы институты және мемлекеттік органның қатысу үлесі бар егемен сыңайлы компания ретіндегі мәртебесі әжептәуір рөл ойнады. Еурооблигациялардың дебюттік шығарылымымен салыстырғанда екінші шығарылым жүргізілгенде инвесторлардың шеңбері 48-ден 66-ға дейін ұлғайды, осылардың 40-ы "Астана-финанс" АҚ еурооблиацияларына алғашқы рет инвестиция жасады. Инвесторлар базасын кеңейту және әртараптандыру мәміленің табысты болуының негізгі көрсеткіші болып табылады.
Өтінімдердің соңғы көлемі бастапқы сомадан артты және 230 млн. АҚШ долларын құрады. Географиялық үлесу бойынша Азия 31 пайызды, Германия/Австрия 21 пайызды, Ұлыбритания 20 пайызды, Швейцария 11 пайызды, Еуропаның басқа елдері 12 пайызды, АҚШ-тың офшорлық компаниялары 5 пайызды сатып алды. Инвесторлардың түрі бойынша негізгі инвесторлар болған жеке банктер – 44 пайызға, активтерді басқару компаниялары – 39 пайызға және банктер – 17 пайызға ие болды.
Еурооблигациялардың баға құрылымы былай қалыптасты: 2009 жылда өтелетін еурооблигациялардың бірінші шығарылымы бойынша табыстылық 8,6 пайыз, қосымша айналым кезеңі үшін 50 базистік орын және жаңа шығарылым үшін сыйлық ретінде 15 базистік орын. Купондық мөлшерлемесі 9 пайыз болған жаңа еурооблигациялар баға бойынша 99.017 дисконтымен орналастырылды, ал ұсыныс бағасы екінші рынокке шығу сәтінде 99.25 жайғасымында бекіді.
Еурооблигациялардың екінші орналастырылуынан түскен ресурстар несие портфелін ұлғайтуға және компанияның жалпы корпорациялық мақсаттарына жіберілетін болады.
Fitch Ratings и Moodys рейтинг агенттіктері 2011 жылы өтелетін еурооблигациялардың екінші шығарылымына әзірше тиісінше "BB+" және "Ba1" рейтингтерін берді.
Еурооблигациялардың екінші шығарылымын орналастыру қазақстандық эмитенттер тарапынан жасалған ұсыныстардың саны көп болған жағдайда өтті.
Мәміленің ойдағыдай болуы еурооблигациялардың осы жылдың ақпанында жасалған дебюттік шығарылымын орналастырудан бергі кезеңдегі "Астана-Финанс" АҚ-ның тұрақты қаржылық және стратегиялық өсуінің, ұйымдастырушы JPMorgan жүргізген маркетинг науқанының және қоғам акцияларының 25,5 пайызына ие болып отырған Астана қаласы әкімшілігі жасаған қолдауының арқасында мүмкін болды.
"Астана-Финанс" АҚ-ның қызметі бұрынғыдай инновациялық аспаптарды қолдану негізінде қаржы және инвестиция қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынуға және олардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге шоғырланған.
Балаларды қорғау халықаралық күнінің қарсаңында «Астана-финанс» АҚ гуманизм принциптерін, жақсылық мен әділдік идеалдарын ұстанып, Көкшетау қаласының "Yмiт-Надежда" балалар қорына материалдық қайырымдылық қолдауын көрсетті.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Бигельдинов к-сі, 12, мекен-жайында орналасқан «Астана – финанс» АҚ (бұдан әрі – «Қоғам») «Астана – финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» – күн тәртібімен «Астана-Финанс» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда «Астана-Финанс» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді.
2010 жылғы 5 мамырда «Астана-Финанс» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, мұнда еншілес компанияларының басқару органдарындағы кадрлік өзгерістер туралы шешім қабылданды.
ҚҚА «Астана-финанс» банк конгломератының қатысушыларымен келісіміге қол қойды
updated 10.02.2008