Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Жаңалықтар > 2006 > 10 > 30 > "Астана-Финанс" АҚ компанияның меншікті капиталын 35-50 млрд. теңгеге дейін ұлға...

"Астана-Финанс" АҚ компанияның меншікті капиталын 35-50 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

30.10.2006

2006 қазан
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31

"Астана-Финанс" АҚ компанияның меншікті капиталын 35-50 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Капиталды ұлғайту акцияларды қосымша шығарып, оларды ағымдағы ақционерлердің арасында орналастыру арқылы мүмкін болады. Бұл мәселе бекітілуі үшін Компания акционерлерінің ең жақын арада болатын жиналысына ұсынылады. Астана қаласының әкімдігі шешуші акционер болып қала береді.

2006 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша шоғырландырылған қаржы есеп беру деректеріне қарағанда және 2005 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда "Астана-Финанс" АҚ активтерінің өсуі 86 пайызды, Компанияның несие қоржынының өсуі 53 пайызды құрады.

2006 жылдың ақпанында Компания сомасы 125 млн. АҚШ долларын құрайтын, өтеу мерзімі 2009 жылы толатын еурооблигциялардың дебюттік шығарылымын жүргізді. Аталған еурооблигацияларға Fitch Ratings агенттігі тұрақты болжамы бар "BB+" деңгейіндегі ұзақ мерзімді несиелік рейтингін, ал Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі тұрақты болжамы бар "Ва1" рейтингін берді.

"Астана-Финанс" АҚ басшылығы осындай капитал ұлғайту болады деп болжайды, бірақ бұл ұлғайтудың нақты болуына кепілдік берілмейді, өйткені нарықтың жағдай, сонымен бірге басқа да факторлар "Астана-Финанс" АҚ-ның осындай капитал ұлғайтуды жүргізу қабілетіне әсерін тигізуі мүмкін.


updated 10.02.2008



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару