Астана Финанс html print
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Баспасөз орталығы > Баспасөз біз туралы > 2007 > 07 > 13 > "Астана финанс" компаниясы қалаға 95 жаңа "МАН" автобусын лизингке табыс етті

"Астана финанс" компаниясы қалаға 95 жаңа "МАН" автобусын лизингке табыс етті

13.07.2007 Хабар

2007 шілде
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31

Бүгін Астана өзінің туған күніне орай жақсы сыйлық алды. "Астана финанс" компаниясы қалаға 95 жаңа "МАН" автобусын лизингке табыс етті. Қазірдің өзінде қалалықтар ыңғайлы көлікті Астананың орталық бағыттарында пайдалана алды.
Бүгін барлық орталық бағыттарға "МАН" маркалы 95 жаңа неміс автобусы шықты. "Астана финанс" компаниясы оларды лизинг арқылы жылдық 9,5 пайызымен 7 жылға қала билігіне табыс етті.


Сәуле Үсенова, "Астана-Финанс" лизинг компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары: "Лизинг – ұзақ мерзімді жалдау, яғни, біз "Астана-Финанс" лизинг компаниясы ретінде лизинг алушы автопаркке жеті жыл өткеннен кейін автобустарды өз меншігіне алуға мүмкіндік береміз. Ол жеті жыл бойы ауырсынбай төлемдерді төлейді. Қала үшін бұл жаңа автобустар, өндіруші сервиспен өзі қамтамасыз етеді. Яғни толық цикл болады – біз сатып аламыз, табыс етеміз, автопарк оларды пайдаланады".


Қала билігі жыл соңына дейін қоғамдық көлікті толығымен жаңарту мақсатын қойып отыр, қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қала экологиясы да ұтады – жаңа автобустар бұл тұрғыда еуропа стандарттарына сәйкес келеді.


Ангел Денев, "МАН Трак энд Бас Казахстан" директоры: "Бұл біз үшін "МАН" компаниясы мен автобустар департаментінің 10 жыл ішіндегі Азия аумағында болған алғашқы үлкен жоба. Бізде қазіргі замаңғы дизайн, ол 10 жылдан кейін де көрікті болады."


Тағы бір елеулі ерекшелігі – жаңа көлік 35 градус суықта, қатты аяздарда да жұмыс істеуге беймделген. Бір автобустың құны – 120 мен 125 мың еуро арасында, және жеті жыл өткеннен кейін 1- қалалық автопарк оларды өз меншігіне сатып ала алады.

"Хабар" агенттігі www.khabar.kz



13.07.2007 

"Астана финанс" компаниясы қалаға 95 жаңа "МАН" автобусын лизингке табыс етті

Бүгін Астана өзінің туған күніне орай жақсы сыйлық алды. "Астана финанс" компаниясы қалаға 95 жаңа "МАН" автобусын лизингке табыс етті. Қазірдің өзінде қалалық

Хабар
2007  rss

updated 10.02.2008