Алғашқы бет > Компания туралы > Компанияның құрылу және даму тарихы 1997 жылдың 27 желтоқсаны. Компанияның құрылған күнi. "Ақмола арнайы экономикалық аймағын экономикалық және әлеуметтiк дамыту қоры" мемлекеттiк мекемесi тiркелдi. 1998 жылдың 30 сәуiрi. Компанияның акцияландырылған күнi. Компания банк операцияларының жеке түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес қаржы мекемесi - "Ақмола Қоры" ЖАҚ болып қайта тiркелдi. "Ақмола Қоры" ЖАҚ-ның жалғыз құрылтайшысы және акционерi - Астана қаласы АЭА Әкiмшiлiк кеңесi. 1998 жылдың 1 шiлдесi. Компания Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң банк операцияларын теңгемен жүргiзуге Мемлекеттiк лицензиясын алды. 1998 жылдың 1 қазаны. Компания Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң банк операцияларын шетелдiк валютамен жүргiзуге № 25 Мемлекеттiк лицензиясын алды. 1999 жылдың 17 ақпаны. Компания Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына № 0000058 Мемлекеттiк лицензиясын алды. 1999 жылдың мамыры. Компания Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер қауымдастығының мүшесi болып қабылданды. 1999 жылдың 14 тамызы. Компания "Астана-финанс" ААҚ болып қайта тiркелдi. 2000 жылдың қаңтары. Компанияның акциялары "В" санаты бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлдi. 2000 жылдың маусымы. Компания акционерлерiнiң саны 500 адамнан асты. 1998-2000 жылдар. Компанияның аудиторы "Arthur Andersen" ЖАҚ 2001 жылдың 17 мамыры. Компания ҚР мемлекетi берген кепiлдiкпен тартылған 8 000 000 (сегiз миллион) АҚШ доллары көлемiндегi мемлекеттiк емес сыртқы қарызды өтеудi жүзеге асырды. 2001 жылдың 25 мамыры. Компанияның акциялары "А" санаты бойынша "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ бағалы қағаздарының ресми тiзiмiне енгiзiлдi. 2001 жылдың 29 маусымы. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы "Астана-финанс" ААҚ облигацияларының бiрiншi эмиссиясын мемлекеттiк тiркеудi жүргiздi. Атаулы құны $100 облигациялар эмиссиясының көлемi $10000000 құрайды. Айналыс мерзiмi 2 жыл. 2001 жылдың 2 шiлдесi. Биржа кеңесiнiң шешiмi негiзiнде Қазақстан қор биржасы басқармасының шешiмiмен "Астана-финанс" ААҚ жасаған бiрiншi эмиссияның атаулы купондық облигациялары "А" санаты бойынша KASE бағалы қағаздарының ресми тiзiмiне енгiзiлдi. 2001 жылдың 9 шiлдесi. Атырау қаласында "Астана-финанс" ААҚ-ның филиалы ашылып, тұрғын үй құрылысы және ипотекалық несиелендiру бағдарламасы бойынша бас құрылысшының мiндеттерiн атқаратын еншiлес кәсiпорны "Атырау-Недвижимость" ААҚ құрылды. 2001 жылдың 23 қазаны. Moodys Investor Service агенттiгi "Астана-финанс" ААҚ-на Ва3 2004 жылдың наурыз"Астана-финанс" ашық акционерлiк қоғамы 2003 жылғы 29 қарашадағы № 415-II өзгертулер мен толықтырулары бар "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңға сәйкес "Астана-финанс" акционерлiк қоғамы болып қайта тiркелдi. 2004 жылдың мамырСомасы Т2,0 млрд. корпорациялық облигациялардың эмиссиясы. 2004 жылдың қыркүйек "Ипотекалық несиелерге кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры" ЖАҚ-мен жасалған келiсiмге қол қойылды. 2004 жылдың қыркүйек Қарағанды, Көкшетау қалаларында Компанияның өкiлдiктерi ашылды. 2004 жылдың қыркүйек Қуыс бетоннан құрылыс материалдарын өндiретiн зауытты iске қосу. 2004 жылдың қыркүйек Іскерлiк қ ызметтегi жоғары сапа үшiн Халықаралық қор Басқармасының (Швейцария, Женева) шешiмiмен Компания "Іскерлiк қызметтегi жоғары сапа үшiн" алтын медалiмен марапатталды. 2004 жылдың қазан "Aquarius Earthmaker" компаниясының (Мальта) шешiмiмен Компанияға "Сала лидерi" номинациясында "Earthmaker" наградасы берiлдi. 2004 жылдың желтоқсан ҚР Ұлттық банкi Компанияның вексельдердi қайта есепкке алу лимитiн Т 400 млн. мөлшерiнде ұлғайтты 2004 жылдың желтоқсан Акционерлердiң жалпы жиналысы акциялардың санын 1,5 млн. данаға ұлғайту туралы шешiм қабылдады.
2005 жылдың Қаңтары - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Астана-финанс» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасын және облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеді. 2005 жылдың Қаңтары - «Астана-финанс» АҚ болашақта "КамАЗ" шассиі негізінде жолаушы сыйымдылығы үлкен және шағын автобустарды өндіру негізгі қызметі болатын "NEOBUS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылтайшыларының бірі болды. 2005 жылдың Қаңтары - «Астана-финанс» АҚ-ның бесінші шығарылымының облигацияларын оңайлатылған листинг рәсіміне сәйкес ASFIb5 кодымен KASE-нің "А" санатындағы ресми тізіміне енгізу. 2005 жылдың Ақпаны - Компания Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде акциялардың бесінші эмиссиясын тіркеді. 2005 жылдың Ақпаны Компания «Бірінші несиелік бюро» ЖШС қатысушыларының санына кірді. 2005 жылдың Ақпаны - Компанияның "Құлагер" ат спорты клубы» ЖШС-дегі 100 пайыз үлесі өткізілді. 2005 жылдың Наурызы - 50,4 млн. теңге сомасында "АҮЭК" АҚ-ның жарғылық капиталындағы үлес өткізілді. 2005 жылдың Сәуірі - Корпорациялық облигациялардың 2-эмиссиясы өтелді. 2005 жылдың Мамыры - Жыл қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу жүзеге асырылды. 2005 жылдың Маусымы - Екінші облигациялық бағдарлама шеңберінде 8,0 млрд. теңге сомасында субординацияланған облигациялардың шығарылымы жүзеге асырылды. 2005 жылдың Қыркүйегі - 10,0 млрд. теңге сомасында үшінші облигациялық бағдарлама тіркелді. 2005 жылдың Қыркүйегі - "Астана-Недвижимость" АҚ-ның жарғылық капиталындағы үлес өткізілді. 2005 жылдың Қыркүйегі - "Атырау-Недвижимость" АҚ-ның жарғылық капиталындағы үлес өткізілді. 2005 жылдың Қазаны - ҚР ҰБ-нің 2005 жылғы 18 қазандағы №129 қаулысымен вексельдердi қайта есепкке алу лимитi 400 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. 2005 жылдың Желтоқсаны - Вексельдердi қайта есепкке алу лимитi 1 млрд. теңгеден 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
updated 09.01.2009 |