Астана Финанс html pda
ru kk en
af.kz/kk/

Алғашқы бет > Компания туралы > Директорлар кеңесi

Директорлар кеңесі Компанияның алқалы басқару органы болып табылып, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның Жарғысында акционерлердің Жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, оның қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады.

Максималды пайдаға жетуді қамтамасыз ету мен Компанияның активтерін ұлғайту, сондай-ақ акционерлердің құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін іске асыру Директорлар кеңесінің мақсаттары болып табылады.

Директорлар кеңесі Компанияны корпорациялық басқару жүйесінде негізгі рөлді атқарады және Компанияны корпорациялық басқару кодексіне сәйкес корпорациялық басқару принциптерін басшылыққа алады.

Компанияның Директорлар кеңесі екі мүшеден тұрады, осылардың біреуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 2009 жылғы 07 Желтоқсандағы жай-күй бойынша тәуелсіз директорлар болып табылады.

Исламов Кинталь Кинтальұлы, Директорлар кеңесінің төрағасы. Халық шаруашылық институтының және Алматы шет тілдері педагогикалық институтының түлегі. Өзінің қызмет еткен кезеңінде инженер, қаржы талдаушысы, жобаларды дайындау жөніндегі кеңесшінің орынбасары болып, істеп үлгерді. «Астана Финанс» АҚ-на 1999 жылы келді. Сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның биржалық кеңесінің мүшесі болып табылады. 2009 жылдың наурызынан бастап, «Астана Финанс» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы.  

 

Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы, Директорлар кеңесінің мүшесі. Заңгер ретінде өте жақсы атқарған қызметінен кейін Әйтенов мырза Әділет министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Экономикалық зерттеулер институтында және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-да жұмыс істеп, заң саласында және қаржылық қызмет көрсету саласында үлкен тәжірибе жинақтады. Жақында Әйтенов мырза «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-нан «Астана Финанс» АҚ-на ауысты.       

 

 Карибаева Нина Халеловна, Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі.

 Кешірім сұраймыз. Мәлімет кейінрек ұсынылады.

 



updated 26.03.2010



Принтерден шығару [Ctrl-P]  Принтерден шығару