Алғашқы бет > Компания туралы > Компания стратегиясы және миссиясы Миссиясы
Инновациялық қаржы серігі болу.
Түйінді құндылықтар мен сенімдер
Біздер қаржы қызметі нарығында ең үздігі бола алатындығымызға сеніміз.
Біздің қызметкерлеріміздің ұжымдық оптимизміне сенеміз. Біздің ұжым мәдениеті Компания бизнесі құнын жоғарылатудың бөлінбес бөлегі болып табылады.
Біздің жауаптылығымыздың басты саласы – біздің клиенттеріміз деп санаймыз. Біздер біздің клиенттеріміздің бірегей қажеттіктерін қанағаттандыруда инновациялық әдістерді пайдаланып қаржылық серіктестікке ұмтыламыз.
Біздің Компанияның келешегі біздің қызметкерлеріміздің біліміне, инновациялар, біліктілік дағды, командалық жұмыс пен адалдығына байланысты. Сондықтан біздер осы қасиеттерді ерекше бағалаймыз.
Біздер біздің клиенттерге сапалы қызмет көрсету мүмкіндігімізді шектемеу және Компанияның акционерлік құнын арттыру мақсатында біздің бизнес тиімді, өнімді және пайдалы болуы үшін жұмыс істейміз.
Біздер әр бизнес бағыттың автономдығына бағытталған ұжымдық басқарудың икемді жүйесіне ұмтыламыз. Бұл орайда біздер жалпы ұжымдық мақсат пен әр бизнестің жеке мақсаты арасындағы синергияны сақтап қаламыз.
Арналу
Біздер әр азамат бізден сенімді қаржы серігін көре алатындай жұмыс істейміз. Біздер клиенттердің қаржы қызметі саласында қажеттіктерін қанағаттандыруға ұмтыламыз.
Стратегиялық мақсат
Таңдалған сегменттерде лидерлік есебінен ең ұтымды акционерлік құн құру
Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мыналарды білдіреді:
· Топтың жоғарғы құнын құру мақсатында ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру; · Клиенттермен өзара қарым қатынас жүйесін сапалық өзгерту – клиенттің жеке басы қажеттіктерін ескеріп стандартты технологиялар қиюласуына негізделген клиенттермен жұмыс істеудің жаңа идеологиясын енгізу;
· Топ клиенттерінің бизнесін дамыту мақсатына сыртқы ресурстық көздерді пайдаланып қазіргі заманғы қаржы қызметтерін алға жылжыту үшін халықаралық ынтымақтастық әлеуетін барынша пайдалану; · Топ қауіптерін іштен бақылау және басқару жүйесін жетілдіру; · Топ бизнесін ақпараттық – технологиялық қолдаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету; · Топ дамуының қазіргі заманғы міндеттерін шеше алатын кәсіби шеберлер ұжымын құру; · Қызметтер пайдаланушыларға барынша жақындау жолында өңірлік экспансияны жүзеге асыру .
Даму стратегиясын іске асыру тәртібі
Стратегиялық міндеттерді кешенді шешу үшін даму стратегиясын нақтылауға және басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізу жұмысында түрлі бөлімшелер күшін үйлестіруге бағытталған Топ дамуының барлық түйінді бағыттары бойынша арнайы мақсатты бағдарламалар әзірленді. Даму стратегиясын іске асыру мына салаларда міндеттердің жүйелі шешімін білдіреді: - басқару және технологиялық процестерді түгендеу және реинжиниринг; - жаңа ұйымдастыру үлгісін енгізу; - жаңа ақпараттық – технологиялық шешімдер мен сату арналарын енгізу; - басқару есебінің біріктірілген жүйелерімен бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру. Осы жұмыс нәтижесі жаңа технологияларды барынша тиімді пайдалану, ұжымдық басқару сапасын арттыру және ақпараттық мөлдірлік есебінен барлық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу болып табылады updated 09.01.2009 |