![]() |
![]() |
|
||||||||
|
|
||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Компания туралы
«Астана-финанс» акционерлік қоғамы банктік емес ұйымдардың арасында қаржылық қызмет көрсету рыногындағы жетекшілердің бірі болып табылады. Компания Қазақстанның қаржы рыногында ҚР жаңа елордасын дамыту институты ретінде 10 жыл бұрын пайда болды. Астана Финанстың алғашқы жобалары әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін салу мен қайта құруға, Астанаға инвесторларды тартуға, кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты болған. Ол кезде Компания қалаға өте қажет болған коммуналдық техниканы сатып алуды, жас елорданы кешенді түрде абаттандыру мен көгалдандыруды жүргізуді қаржыландырды. Астана Финанс елде бірінші болып, тұрғын үй ипотекасын қолданысқа енгізді, бұл байырғы «пәтер» мәселесінің нақты шешімі болды. Компанияның осы бағыттағы табысты тәжірибесі ипотекалық несиелендіруді бүкіл елге жаюға мүмкіндік берді. АФ ауыл шаруашылығы жабдықтарының лизингі саласында да бастаушы болып табылады. Компания бұл рынокта жетекші жайғасымын берік ұстап отыр. АФ бизнес-мүдделері үнемі кеңейіп келеді. Ипотека мен лизингті қоса, АФ корпорациялық басқарумен, жобалық қаржыландырумен, инвестицияларды басқарумен және брокерлік қызметпен айналысады.
Қаржылық есеп беруді «үлкен төттікке» кіретін халықаралық аудиторлық копания аудиттейді. Компанияның стратегиясы екі елдің – Қазақстан мен Ресейдің рыноктарына бағдарланған. Жақында ол қазір Ресей рыногында АФ БАНК деген жаңа атымен ойдағыдай жұмыс атқарып отырған Башқұртстан Альфа-Банкін сатып алды. Сонымен бірге, Астана Финанс «Ұлар Үміт» отандық зейнетақы қорының 51 пайыз акцияларын басқаруға алды. 2008 жылы Компания екі сақтандыру компаниясын және банк ашты. Компания бес жылдан кейін инвестициялық банкинг саласында біздің еліміздегі жетекші болуды және Ресейдегі жетекші топтардың бірі болуды жоспарлап отыр. АФ миссиясы өте оңай – инновациялық қаржылық серіктес болу. Компания ұсынылған қаржы өнімдеріне де, оларды дайындау технологияларына да, сол сияқты тауарлар мен қызметтерді ілгері жылжыту әдістемесіне жаңартуларды енгізетін болады. Компанияның қаржылық есептерін «үлкен төттікке» кіретін халықаралық аудиторлық копаниялар аудиттейді. Компания ішкі және сыртқы қаржы рыноктарында қызметін оңтайлы үйлестіреді, жетекші экспорттық-импорттық агенттіктермен ынтымақтасады. 2008 жылғы наурызда Астана Финанс EUROMONEY атты беделді еуропалық басылымның болжауы бойынша «Еуропаның дамушы рыноктарының корпорациялық басқару саласында 2007 жылдың үздік қаржы компаниясы» атағына ие болды. АФ қазақстандық қор рыногында белсенді қызмет етеді. Ол мұнда облигациялардың 10-нан астам эмиссиясын және акциялардың 5 эмиссиясын жүзеге асырды. 2006 жылдың ақпаны мен қарашасында жалпы сомасы 300 млн. АҚШ долларын құрайтын еурооблигациялардың шығарылымдары болды. АФ бірқатар өнеркәсіптік компанияға қор биржасына шығуға көмектесті, бұл Компанияға рынокта берілген сенімді, оның адалдығын және акциялардың баға белгіленімін сақтауға қабілетін растайды. Андеррайтинг шеңберінде АФ Қазақстан қор биржасының листингіне жылына кемінде 12 клиентті шығаруды алдына міндет етіп қойып отыр. Компанияның басымдықтары – клиенттердің мүдделерін сыйлау және операцияларды жүргізгенде ең аз тәуекелдік. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|