af.kz -
kaz | rus | eng




Сілтемелер



Бас офисі:
010000, Астана қ., Бегельдинов көш., 12
орналасқан жері

Телефон:   +7 (7172) 59 19 19
Факс:   +7 (7172) 59 10 51

Алматы офисі:
050010, Алматы қ., Самал-3 шағынауданы, 25
орналасқан жері

Телефон:   +7 (727) 259-61-73, -75
Факс:   +7 (727) 259 61 77

Телефон:   8-800-0805-005 (тегін)
Эл.поштасы:   af@af.kz

"Астана-финанс" АҚ

«Астана-финанс» акционерлік қоғамы банктік емес ұйымдардың арасында қаржылық қызмет көрсету нарығындағы жетекшілердің бірі болып табылады. Компания Қазақстанның қаржы рыногында ҚР жаңа елордасын дамыту институты ретінде 10 жыл бұрын пайда болды. Астана Финанстың алғашқы жобалары әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін салу мен қайта құруға, Астанаға инвесторларды тартуға, кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты болған. Ол кезде Компания қалаға өте қажет болған коммуналдық техниканы сатып алуды, жас елорданы кешенді түрде абаттандыру мен көгалдандыруды жүргізуді қаржыландырды. 

Астана Финанс елде бірінші болып, тұрғын үй ипотекасын қолданысқа енгізді, бұл байырғы «пәтер» мәселесінің нақты шешімі болды. Компанияның осы бағыттағы табысты тәжірибесі ипотекалық несиелендіруді бүкіл елге жаюға мүмкіндік берді. АФ ауыл шаруашылығы жабдықтарының лизингі саласында да бастаушы болып табылады. Компания бұл рынокта жетекші жайғасымын берік ұстап отыр.

 Жаңалықтар

 

03.02.2010 

«Астана-финанс» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

«Астана-финанс» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2010 жылғы 4 наурызда сағат 15.00-де (Астана уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бигелдинов к-сі, 12 мекен-жайында өткізілетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Акционерлерді тіркеу аталған күнде сағат 14.00-ден сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі.

Баспасөз қызметі
20.12.2009 

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі екінші шығарылымының облигациялары бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесі туралы ақпараттық хабарлама

«Астана-Финанс» АҚ бірінші облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі екінші шығарылымның облигациялары (НИН KZPC2Y07B505 сауда коды ASFIb6) бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесін 2009 жылғы 22 желтоқсаннан 2010 жылғы 22 маусымға дейінгі жаңа купондық кезеңге жылдық 8,00 пайыз мөлшерінде белгілегені туралы хабарлайды.

Баспасөз қызметы
20.12.2009 

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамының екінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі бірінші шығарылымының облигациялары бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесі туралы ақпараттық хабарлама

«Астана-Финанс» АҚ екінші облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі бірінші шығарылымның облигациялары (НИН KZPC1Y10B634 сауда коды ASFIb7) бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесін 2009 жылғы 30 желтоқсаннан 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жаңа купондық кезеңге жылдық 8,00 пайыз мөлшерінде белгілегені туралы хабарлайды. Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз: Астана қ., Сарыарқа ауд., Бигелдинов к-сі, 12, тел +7 7172 59-29-30

Баспасөз қызметы
16.11.2009 

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамы облигацияларының төртінші шығарылымы бойынша купондық мөлшерлеме туралы ақпараттық хабарлама

«Астана-Финанс» АҚ төртінші шығарылымның облигацияларын ұстаушыларға облигацияларының төртінші шығарылымы (НИН KZ2CKY07B162 сауда коды ASFIb4) бойынша купондық мөлшерлеменің 2009 жылғы 18 қарашадан 2010 жылғы 18 мамырға дейінгі жаңа кезеңге жылдық 8,7 пайыз мөлшерінде белгіленгені туралы хабарлайды.

Баспасөз қызметі
09.11.2009 

«Астана-Финанс» АҚ-ның облигацияларын орналастыруды тоқтату

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамы (Астана қ., Бигельдинов к-сі,12.) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 қазандағы № 224 қаулысымен 2009 жылғы 28 қазаннан бастап, төменде тізімделген бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлайды

Баспасөз қызметі
2010  2009  2008  2007  2006  2005  rss

 



© 1998—2008 Астана Финанс

негізгі · сайттің мазмұны | құпиялық  ·  қолдану шарты  ·  кері байланыс